Astana Open Dialogue Еуропалық сыртқы істер қызметінің (EEAS) өкілі Люк Девинь дайындаған «ЕО мен Қазақстан ынтымақтастығы: берік және орнықты әріптестік» атты мақаланы ұсынады.
Люк Девинь Ресей, Шығыс әріптестігі, Орталық Азия және ЕҚЫҰ бойынша директор, сондай-ақ EEAS-тің Еуропа және Орталық Азия бойынша басқарушы директорының орынбасары қызметін атқарады.
Жарияланым Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы стратегиялық қатынастарға арналған. Еуропалық Одақ – экономикалық әртараптандыруды және Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуін қолдайтын елдің ірі сауда әріптесі мен инвесторларының бірі.
Энергетикаға баса назар аударылады – Қазақстан ЕО аймағына мұнай, уран және аса маңызды шикізат материалдарын басты жеткізушілердің бірі. Материалда ҚР мен ЕО экономикалық қатынастарын әртараптандыру үшін Транскаспий халықаралық көлік бағытын одан әрі дамыту қажеттігі атап өтілген.
Толық мақала aod.kz сайтында ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде жарияланған.