Astana Open Dialogue EEAS Еуропалық сыртқы істер қызметі өкілінің «ЕО және Қазақстан ынтымақтастығы: берік және орнықты әріптестік» атты мақаласын ұсынады.
Жарияланым авторы Люк Девинь – Ресей, Шығыс әрітестігі, Орталық Азия, ЕҚЫҰ бойынша директоры, сондай-ақ Еуропалық сыртқы істер қызметінің (EEAS) Еуропа және Орталық Азия бойынша басқарушы директорының орынбасары.

ЕО мен Қазақстан ынтымақтастығы: берік және орнықты әріптестік
1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін алған сәттен бастап, Еуропалық Одақ (ЕО) пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас тұрақты түрде дамып келеді. Бұл байланыс өзара құрмет пен сенімге негізделген берік әріптестікке айналды.
Екіжақты деңгейде 2015 жылы ЕО, оған мүше мемлекеттер мен Қазақстан [1] арасында Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге (КӘЫК) қол қою (2020 жылы күшіне енді) маңызды кезең болды. Бұл Орталық Азия елімен арада жасалған осындай алғашқы келісім, әрі екі жақты байланыстарды жаңа деңгейге көтерді. Келісім сауда мен инвестициялар, сот төрелігі және ішкі істер, энергетика, көлік, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі, жұмыспен қамту және әлеуметтік саясат, мәдениет, білім және ғылыми зерттеулер секілді негізгі саясат салаларындағы ынтымақтастықты нығайтты.
Аймақтық деңгейде импульс 2019 жылғы ЕО-ның Орталық Азия стратегиясымен [2] және 2023 жылы ЕОмен Орталық Азия Сыртқы істер министрлері қабылдаған ЕО мен Орталық Азия арасындағы байланыстарды тереңдету жөніндегі бірлескен Жол картасымен [3] күшейтілді. Бұл 2025 жылғы 4 сәуірде Самарқандта өткен бірінші ЕО-Орталық Азия саммитінде қосымша бекітілді, онда ЕО және Орталық Азияның бес мемлекетінің көшбасшылары екі аймақ арасында Стратегиялық әріптестік орнату туралы шешім қабылдады, бұл олардың қарым-қатынасының сапалы жаңа кезеңін белгіледі [4].
Энергетика ЕО мен Қазақстан серіктестігінің негізгі тірегі.Қазақстан ЕО нарықтарына энергия жеткізу көздерін әртараптандыруға ықпал ете отырып, ЕО-да энергияның ірі жеткізушісі болып табылады. Өз кезегінде ЕО-да орналасқан ірі энергетикалық компаниялар Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібіне қомақты инвестициялар салады. Сонымен қатар, Қазақстан уранның ірі қоры бар ел ретінде ЕО-ның уранға деген сұранысының 21%-ын қамтамасыз етеді. ЕО мен Қазақстанның энергетикалық қатынастарын ресми ресімдеу 2006 жылы Энергетикалық ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюдан басталды. КӘЫК өзара қызығушылық, өзара түсіністік, ашықтық және болжамдылық принциптері негізінде энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған энергетика саласындағы кеңейтілген, тұрақты және тиімді ынтымақтастық қажет деп таныды. КӘЫК-қа сәйкес энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттың өзгеруі жөніндегі Кіші комитет шеңберінде қоршаған орта және климаттың өзгеруі бойынша екіжақты диалогтар үнемі өткізіліп тұрады, бұл сындарлы пікір алмасуға және осы салаларда нақты ынтымақтастықты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. ЕО мен Қазақстанның энергетикалық ынтымақтастығы үшін екі тарап экономикаларының «жасыл» және цифрлыққа ауысуы үшін қажетті аса маңызды шикізат материалдары ерекше маңызға ие. Сондықтан да 2022 жылғы 7 қарашада Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен мен Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Тұрақты шикізат, батареялар және «жасыл» сутек құны тізбегі саласындағы стратегиялық әріптестік бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға [5] қол қойды, бұл шикізатпен және қайта өңделген материалдармен сенімді және тұрақты жабдықтауды дамытуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты жақындастыруға бағытталған. Нәтижесінде Еуропалық комиссия 4 маусымда стратегиялық бастамалар тізіміне Қазақстанның орталығында орналасқан «Сарытоған» графит өндіру жобасын енгізді, бұл екі тарапқа да мол мүмкіндік береді [6].

Қазақстан неғұрлым экологиялық және орнықты экономикалық модельге бет бұрғандықтан, елдің және бүкіл аймақтың климаттың өзгеруінің әсеріне осалдығын ескере отырып, «жасыл» экономикаға ауысу саласындағы ынтымақтастық ерекше маңызға ие болды. Дүниежүзілік банктің болжамынша, Қазақстанда температура әлем бойынша орташа деңгейден тез өседі, бұл су қауіпсіздігі және онымен байланысты мәселелер бойынша ауыр салдарға алып келеді. Айта кетейік, 2021 жылғы қарашада Глазгода өткен БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясында (COP26) Қазақстан 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 15%-ға қысқартуды және 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізуді мақсат етіп отырғанын жария етті. Климаттың өзгеруі жаһандық үйлестірілген жауапты талап етеді және ЕО бұл мәселеде Қазақстанның белсенді рөлін, сондай-ақ ЕО қолдайтын халықаралық Аралды құтқару қоры (IFAS) аясындағы аймақтық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалайды. Бұдан басқа, Global Gateway стратегиясы шеңберінде Орталық Азиядағы ЕО-ның негізгі бағдарламаларының бірі болып табылатын TeamEurope Initiative (TEI) су, энергетика және климат жөніндегі 700 млн еуроны құрайтын бастамасы [7] климаттық өзгерістерге төзімділікті арттыру, ынтымақтастықты кеңейту және аймақта әділ энергетикалық ауысуды қамтамасыз ету мақсатында ЕО тарапынан аймаққа қолдау көрсетілетінін айқын көрсетеді. ЕО–Орталық Азия саммитінде сумен жабдықтау және энергетика секторына 6 млрд еуродан астам инвестиция құю туралы жарияланғаннан кейін ЕО Орталық Азияда «жасыл» экономикаға ауысуды басты қолдаушыларының бірі екенін растады.
Энергетика бұрын ынтымақтастықтың негізі болғанымен, ЕО мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас ондаған жылдар ішінде жан-жақты жетілген және тең құқылы серіктестікке айналды. Жоғары деңгейдегі тұрақты саяси диалогтар, оның ішінде министрлік деңгейіндегі Ынтымақтастық кеңесінің жыл сайынғы отырыстары екіжақты және көпжақты келісімдерде қарастырылған міндеттемелерді іске асырудағы прогресті бағалау үшін жүргізіледі. ЕО Қазақстандағы реформалар мен жаңғырту процесін де қолдайды. ЕО заң үстемдігін, демократиялық басқаруды және азаматтық қоғамның қатысуын — жұмыс істеп тұрған демократияның негізгі элементтерін және шетелдік инвестицияларды тартуға ықпал ететін қолайлы іскерлік ахуал үшін қажетті жағдайларды нығайтуда маңызды рөл атқарады.
Экономикалық тұрғыдан алғанда, Қазақстан өз экономикасын әртараптандыру және оның орнықтылығын арттыру үшін орнықты институционалдық және саяси базаны қалыптастырады. Ел Қазақстанның алғашқы сауда серіктесі және ірі шетелдік инвесторы болып табылатын ЕО-мен тығыз ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. Дегенмен, экономикалық қатынастарды одан әрі әртараптандыру қажет. Бұл тұрғыда Транскаспий халықаралық көлік бағыты (TХКБ) Орталық Азия мен ЕО арасындағы сауда мен инвестицияны жеңілдету арқылы екі жаққа да пайда әкелетін өзара қызығушылық жобасы болып табылады. Ол Ресей арқылы өтетін дәстүрлі көлік маршруттарына балама ұсынады, бұл қазіргі геосаяси жағдайда аса өзекті, сонымен қатар нарықтарға өзара қол жетімділік пен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, теңізге шыға алмайтын әлемдегі ең ірі мемлекет ретінде Қазақстан маңызды аймақтық көлік торабы болуға және Еуропа мен Азияны байланыстыратын көлік маршруттарын әртараптандыруға ұмтылады. Бұдан басқа, үш еуразиялық көлік дәлізі бойынша транзиттік контейнерлердің 85%-ы Қазақстан арқылы өтетіндіктен және транзиттік тасымалдар көлемі алдағы онжылдықтарда өседі деп болжанып отырғандықтан, TХКБ ынтымақтастықтың басым жобасына айналды. Осыған байланысты ЕО аймақтық көлік қатынасына және аймақтың экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатында Орталық Азиядағы тұрақты көлік қатынасын белсенді қолдайды. Өткен жылы дәліз саудасы 60%-дан астам өскенімен, TХКБ-ні сенімді және бәсекеге қабілетті ету үшін нормативтік және инфрақұрылымдық кедергілерді жою бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Бұған тек аймақтық үйлестірілген тәсіл арқылы қол жеткізуге болады. ЕО шекарадан өту тиімділігін арттыруда ондаған жылдар бойы тәжірибе жинақтады.

Сонымен қатар ЕО Қазақстанмен цифрлық байланыс саласындағы ынтымақтастықты арттыруда. Қазақстан осы салада Орталық Азияда жетекші рөл атқарады және TeamEurope Initiative on Digital Connectivity цифрлық байланыс жөніндегі ЕО бастамасы шеңберінде ЕО-ның негізгі серіктесі болып табылады.
Адам құқықтары және көпжақты форумдарға қатысу саласында Қазақстанның БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне (2022-2024) мүшелігі аса маңызды, бұл елге адам құқықтары жөніндегі жаһандық дискурсқа белсенді қатысуға мүмкіндік берді. Қазақстан маңызды әрі сындарлы рөл атқарып, Еуропалық Одақпен тиімді ынтымақтастық орнатты. Қазақстан 2024 жылғы қазанда қабылданған тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі бойынша қарар қабылдауға бастамашы болды және жетекшілік етті, сондай-ақ гендерлік зорлық-зомбылық мәселелері бойынша маңызды ұлттық заңнаманы қабылдады. Сондай-ақ, ел Қырғызстанмен бірге ЕО-ның бала құқықтары және инклюзивті әлеуметтік қорғау туралы қарарының тең авторы болды. Қазақстан сондай-ақ ЕО бастамасымен діни сенім бостандығы жөніндегі және діни төзімсіздікке қарсы күреске арналған қарарлар арасындағы тепе-теңдікті сақтауға ықпал етті. Қазақстанның негізгі аймақтық және әлемдік державалармен қарым-қатынастарды теңестіруге бағытталған көпвекторлы сыртқы саясаты контексінде ЕО-мен ынтымақтастықты жандандыру ерекше маңызға ие. Қазақстандағы азаматтық қоғам мен медианың рөлі елдің демократиялық жолын одан әрі нығайту үшін маңызды. ЕО Қазақстанды БҰҰ-ға, ЕҚЫҰ-ға кіру және Еуропа Кеңесінің бірқатар конвенцияларына қол қою немесе оларға қосылуға ниет білдірген кезінде қабылдаған міндеттемелерін іске асыруды одан әрі жақсарту жөніндегі тұрақты әрекетінде қолдауға дайын.
Аймақтық тұрғыдан алғанда, Қазақстан Орталық Азиядағы ынтымақтастық пен тұрақтылық мәселелерінде белсенді және шешуші рөл атқарады.Осылайша, аймақтық көшбасшылар жиі кездесіп, ортақ мәселелерді талқылайды, оны ЕО аймақтық ойыншы ретінде құптайды. Атап айтқанда, жақында президент Тоқаев өзара түсіністікті нығайту, өңірлік ынтымақтастыққа жәрдемдесу және мәдени кедергілерді жою үшін Орталық Азия медиафорумын және Орталық Азия медиа арнасын құруды ұсынды. Қазақстанның аймақтағы жетекші позитивті рөлін жақында БҰҰ-ға мүше мемлекеттер мойындады, олар Алматыда Орталық Азия елдері мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары (ОДМ) бойынша БҰҰ Аймақтық орталығын құруға бірауыздан келісті.
Қазақстанның тұрақты халықаралық тәртіпке деген адалдығыоның БҰҰ Жарғысына және халықаралық принциптерге, соның ішінде, аумақтық тұтастыққа жиі сүйенетінімен расталады, әсіресе, Ресейдің Украинаға қарсы соғысыаясында. ЕО мен Қазақстан БҰҰ Жарғысының қағидаттарына сәйкес Украинадағы әділ және тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу үшін ортақ көзқарасты алға тартады. Осыған байланысты санкцияларды айналып өтудің алдын алу жөніндегі ынтымақтастық қарым-қатынастардың маңызды аспектісіне айналды және ЕО Қазақстанныңосы бағыттағы өзара іс-қимылы мен белсенділігін жоғары бағалайды.
ЕО мен Қазақстантүрлі салалардағы маңызды мүдделері ортақ болса да, олар «Әртүрліліктегі бірлік» қағидатын алға тартады. ЕО-да бұл ұран еуропалықтардың бейбітшілік пен өркендеу жолында бірігіп, континенттіңтүрлі мәдениеттері, дәстүрлері мен тілдері арқылы байып отырғанын білдіреді. Түрлі этникалық топтардың отаны болып табылатын Қазақстанда президент Тоқаев ел халықтары арасында өзара құрмет пен бейбіт өмір сүруді насихаттайды. Erasmus+ [8] сияқты білім алмасу бағдарламалары, сондай-ақ ғылыми зерттеулер мен іскерлік байланыстарды кеңейтуЕО, Қазақстан және Орталық Азия аймағын тұтастай одан әрі жақындастыра отырып, тұлғааралық байланыстардың дамуына ықпал етеді.
Қорытындылай келе, соңғы отыз жылда ЕО мен Қазақстан бір-біріне жақындап, өзара сенім, құрмет және ынтымақтастыққа негізделген берік әрі жетілген серіктестік құрды. Еуропалық Кеңес төрағасы Антониу Кошта жақында өткен ЕО–Орталық Азия саммитінде былай деп атап өтті: «ЕО мен Орталық Азия арасындағы серіктестік — бұл жол, мақсат емес. Алда бізді осы ежелгі достықтың көптеген жаңа тараулары күтіп тұр».

2016 жылдың маусым айынан бастап Люк Девинь Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінде (ЕСВД) Ресей, Шығыс әріптестік, Орталық Азия және ЕҚЫҰ бойынша директор, сондай-ақ Еуропа мен Орталық Азия жөніндегі басқарушы директордың орынбасары қызметін атқарады.
1996 жылдан бастап ол Еуропалық комиссияның Сауда жөніндегі Бас директоратында жұмыс істеп, сауданы қорғау, аэроғарыш өнеркәсібі, зияткерлік меншік, мемлекеттік сатып алулар, нарыққа қолжетімділік, энергетика, шикізат пен Еуропа, Түркия, Ресей және Орталық Азияға қатысты аймақтық саясат мәселелері бойынша түрлі лауазымдарды атқарды.
Оған дейін ол корпоративтік қаржы және бірігу мен жұтылу саласында банкир болып, АҚШ, Бразилия, Қытай және Жапония елдерінде халықаралық келіссөздерге қатысқан.
Люк Девинь құқық магистрі (LL.M.) дәрежесіне, қаржы талдаушысының дипломына және экономикалық құқық саласындағы мамандануға ие.