Astana Open Dialogue

Аналитикалық шолу «Трамптың тарифтік соғыстары: олардың әлемдік экономикаға және Қазақстан экономикасына әсері».

Astana Open Dialogue жаңалықтары
Astana Open Dialogue қызметінің жаңа бағытын ашты — қазақстандық және халықаралық зерттеушілер, академиялық орта, корпоративтік бизнес және мемлекеттік органдар өкілдері арасында күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар бойынша сараптамалық сауалнамалар өткізу.

Назарларыңызға «Трамптың тарифтік соғыстары: олар әлем экономикасына және Қазақстанның экономикасына қалай әсер етеді» тақырыбындағы аналитикалық шолуды ұсынамыз.

Сауалнама 2025 жылдың сәуірінде жүргізілді. Оған саясаттану, экономика, халықаралық қатынастар, мемлекеттік басқару, энергетика, білім беру, журналистика және телекоммуникация салаларынан 50-ден астам сарапшы қатысты.

Респонденттердің ішінде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы, ҚСЗИ, Халықаралық әлеуметтану және саясаттану институты, Қоғамдық пікірді зерттеу орталығы, UNDP Kazakhstan, ҚР Парламенті Сенатының Аппараты, Нархоз Университеті өкілдері және т.б. бар.

Сауалнама қорытындыларымен мына сілтеме бойынша танысуға болады https://aod.kz/kz/publications