Astana Open Dialogue «Трамптың тарифтік соғыстары: олар әлемдік экономика мен қазақстан экономикасына қалай әсер етеді» жабық сараптамалық сауалнама қорытындылары бойынша аналитикалық шолу
Жабық сауалнама 2025 жылғы 7-13 сәуір аралығында жүргізілді. Зерттеуге саясаттану, экономика, халықаралық қатынастар, мемлекеттік басқару, энергетика, білім беру, журналистика және телекоммуникация салаларынан 50-ден астам сарапшы қатысты. Сауалнамаға қатысушылар арасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, ҚСЗИ, «Халықаралық әлеуметтану және саясат институты» қоғамдық қоры, Қоғамдық пікірді зерттеу орталығы, UNDP Kazakhstan, ҚР Парламенті Сенаты аппараты, Нархоз университеті және т.б. ұйымдардың өкілдері бар.
Сауалнама әдістемесі балдық бағалауды, бірнеше дұрыс жауабы бар сұрақтарды және жан-жақты пікірлерді қамтыды. Сарапшылар АҚШ тарапынан тарифтердің өсуінің жаһандық саудаға, Қазақстан мен Орталық Азияға әсерін бағалап, ықтимал жауап шаралары мен құрылымдық реформалар ұсынды.
Сарапшылардан тарифтік эскалацияның жаһандық саудаға әсерін, оның Қазақстан мен Орталық Азияға ықпалн бағалау және ықтимал ден қою шаралары мен құрылымдық реформалар ұсыну сұралды. Балдық шкаладағы сұрақтар 1-ден 5-ке дейінгі аралықта бағаланды: респонденттер тарифтік эскалацияның жаһандық саудаға 1–3 жыл ішіндегі әсерін (мұнда 1 — әсері өте теріс, ал 5 — оң әсерді білдіреді), АҚШ-тың тарифтік қақтығыстарының Қазақстан экономикасына әсер ету деңгейін (1 — әсері жоқ, 5 — айтарлықтай әсері бар) және Қазақстанның қазіргі сауда тұрақсыздығына дайындық деңгейін (1 — мүлдем дайын емес, 5 — толық дайын) бағалады. Барлық шкалаларда ең төменгі мән — 1 балл, ең жоғары мән — 5 балл болды. Әр шкаланың нақты түсіндірмесі беріліп, сарапшылардың бағаланып отырған мәселелерге қатынасын анық көрсетіп отырды.

ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙҒА БАҒА БЕРУ
Қысқа мерзімді перспективада (1–3 жыл) АҚШ тарапынан тарифтің күшейтілуін сарапшылардың басым бөлігі теріс құбылыс деп бағалады. 1-ден 5-ке дейінгі шкала бойынша орташа баға — 2,7 балл болды, бұл ретте кейбір респонденттер аса қатты алаңдаушылық танытты. Бұл тұрғыдан анықталған негізгі қауіптер — протекционистік үрдістердің күшеюі және қалыптасқан сауда байланыстарының бұзылуы. Мұндай қорытынды төмен бағалар мен аталған сыртқы сұраныстың төмендеуі мен нарықтарға қол жеткізудің қиындауы негізінде жасалып отыр.

Алдағы 3–5 жылда респонденттердің пікірінше, мына жағдайлар орын алады: сауда қақтығыстары мен протекционизмнің күшеюі – 75%, әлемдік сауда өсімінің бәсеңдеуі – 63,9%, аймақтық сауда блоктарының рөлінің артуы – 50%. Бұл ретте жаһандық ашық саудадан фрагменттелген экономикалық аймақтарға ауысу қаупі бар. Бұл өзгеріс Қазақстанның әрекет ету кеңістігін шектейді, әсіресе белсенді сыртқы экономикалық саясат болмаса, сондай-ақ лоббистік мүмкіндіктер әлсіз және тұтас салалар бойынша экспорттық шектеулер болған жағдайда.
Әлемдік экономиканың осал секторларына тоқталғанда, сарапшылардың басым көпшілігі жоғары технологиялық өнімдерді (61,1%), энергетиканы (50%) және қаржы нарықтарын (41,7%) атап өтті. Бұл салалардың ұзақ әрі күрделі жеткізу тізбектеріне тәуелділігімен түсіндіріледі. Себебі олар шектеулерге бірінші болып ұшырайды. Осылайша, жеткізудегі іркілістер, логистиканың қымбаттауы және капитал нарықтарындағы тұрақсыздық тәуекелі таңдалған секторлардың ерекшеліктерінен туындайды.

ҚАЗАҚСТАН МЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯҒА ӘСЕРІ
Қазақстанға тигізер әсеріне келетін болсақ, бағалар әр түрлі, орташа мәні – 3,2, бұл әсердің орташа-күшті дәрежесін көрсетеді. Сарапшылардың 83,3%-ы шикізатқа сұраныстың ауытқуын басты қауіп деп санайды. Екінші маңызды фактор – валюталық және инвестициялық тәуекелдер (63,9%).
Сарапшылардың пікірінше, тарифтік соғыс Қазақстанда әсер еткен аса маңызды сала – шикізатқа сұраныстың ауытқуы – бұл факторды респонденттердің 80,6%-ы атап өтті. Бұл ел экономикасының шикізат тауарларының экспортына аса тәуелді екендігін көрсетеді. Одан кейін геосаяси шиеленіс (61,1%). Маңыздылығы жағынан үшінші фактор – валюта және инвестициялық ағындар, оны сарапшылардың 47,2% көрсетті. Сонымен қатар, жаңа логистикалық тізбектер құру, соның ішінде Транскаспий дәлізі (38,9%) және Қытай экспортын қайта бағдарлау (36,1%) аталды. Дайын өнімді экспортқа қайта бағдарлау немесе әдістемелік парадигманың болмауы сияқты басқа нұсқалар сирек аталды (2,8%-дан).

Жалпы Орталық Азияға әсеріне келсек, сарапшылардың пікірлері келесідей болды: Қытаймен байланысты тереңдету — 52,8%, баламалы логистикалық альянстарға қатысу — 50% және Ресейдің транзиттік серіктес ретіндегі рөлін күшейту — 41,7%. Сонымен қатар, экономикалық автономизация әрекеттерін жандандыру (33,3%) және аймақ елдері арасындағы бәсекелестіктің артуы (30,6%) сияқты бағалаулар да маңызды болды. Кейбір респонденттер ішкі интеграциялық процестердің тереңдеуі, бай және кедей елдер арасындағы алшақтық пен экономикалық құлдырау сияқты әсерлерді атап өтті. Қазақстан (47,2%) және Қырғызстан (22,2%) аса осал деп аталды, сондай-ақ жауаптардың 41,7%-ында Орталық Азияның әрбір мемлекетінің осал екендігі айтылды.
Негізгі сын-қатер: Ресей мен Қытайдың Қазақстан үшін бірдей негізгі өткізу нарығы мен көптеген тауар сегменттеріндегі негізгі бәсекелес болып табылатыны. Оның үстіне, Ресей қазақстандық экспорт үшін басты транзиттік дәліз болып қалуда, бұл саяси уағдаластықтарға тәуелділікті күшейтеді және олардың стратегиялық маңыздылығын атап көрсетеді.
ҚАЗАҚСТАН ҮШІН СТРАТЕГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР
Жаһандық сауда бәсекелестігі шиеленіскен жағдайда жасалуға тиіс іс-қимылдарға келетін болсақ, сарапшылар бірнеше нақты бағыттарды белгіледі. Басты назар ел ішіндегі өндірісті ынталандыруға және аймақтық жеткізу тізбегіндегі байланыстарды нығайтуға аударылды. Ұсынымдардың ішінде шамадан тыс реттеуден бас тарту, әсіресе экспорттық салада, сауда саясатының ашықтығын сақтау және бизнес үшін тұрақты жағдайлар қалыптастыру бар. Сауалнамаға қатысқандардың бірі бұл «Экспортты минималды шектеу — тыйымдардың болмауы» деп айтты. Сарапшылардың пайымдауынша, экспорттаушылардың табысының өсуі оларға сыртқы экономикалық тәуекелдерді өтеуге және қолайсыз жағдайда жұмысын сақтауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, сарапшылар өнеркәсіптік сектордың, әсіресе жаһандық өндірістік тізбектерге қосыла алатын салаларда дамуын маңызды қадам деп санайды.
«Қазақстан әртүрлі елдермен, әсіресе АҚШ-тың тарифтік саясатына тәуелді емес мемлекеттермен сауда байланыстарын кеңейтуі керек. Бұған Қытаймен, ЕО елдерімен және көршілес Орталық Азия елдерімен сауданы күшейту де жатады. Тарифтердің өсуінен импорттық тауарлар бағасы көтерілуі мүмкін. Жергілікті өндірушілерді өсуге ынталандыру керек, оның ішінде салық жеңілдіктері, субсидиялар немесе импортпен бәсекелесе алатындай шағын және орта бизнеске арналған бағдарламалар бар. Сауда соғыстарының ықтимал эскалациясы кезінде ұлттық валютаны қорғау және валюталық резервтерді қолдау жөніндегі шараларды қоса алғанда, қаржы жүйесін нығайту маңызды. Оған инфляция тәуекелдерін азайту да кіреді, әсіресе тауар бағасының өзгеруі аясында»
Жиынтығында бұл ұсынымдар индустрияландыруға, салықтық және институционалдық ынталандыруға және сыртқы экономикалық қызметті реттеуді барынша азайтуға бағытталған үкіметтік стратегияның бағытын қалыптастырады.
Қазақстанның жаһандық сауда ағындарын қайта үлестіруден пайда табу мүмкіндігіне қатысты пікірлер екіге бөлінді. Респонденттердің 44,4%-ы бейтараптықты, географиялық орналасуды және қолайлы логистиканы тиімді пайдалану жағдайында мұндай сценарий болуы мүмкін деп санайды.
«Әлеуетті артықшылықтар елдің транзиттік рөлін күшейтумен байланысты, әсіресе Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту арқылы. Қазіргі геосаяси шектеулер мен Ресей арқылы өтетін дәстүрлі маршруттарға тәуелділікті азайту ниеті аясында оған деген сұраныс барған сайын артып келеді. Бұдан басқа, Қазақстан Шығыс пен Батыс арасындағы тұрақты әріптес рөлін атқара отырып, логистикалық және көлік инфрақұрылымына инвестициялар тарта алады. Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібін, агроэкспортты және цифрлық сервистерді арттыруға мүмкіндіктер ашылады, бұл елімізге жаңа, әртараптандырылған жеткізу тізбегіне қосылуға жол ашады. Табыс өзгерістерге тез бейімделу, көрші елдермен үйлесімділікте болу және халықаралық бизнеске тартымды жағдайлар жасау қабілетіне байланысты болады».
Алайда сарапшылардың 38,9%-ы еліміздің әлеуетіне күмәнмен қарайды. Ал, позитивті көзқарас білдіргендер жаңа жаһандық сәулет жағдайында Қазақстан тұрақты экономикалық хабқа айналуы мүмкін екеніне сенімді. Ресейге жасалған санкциялық қысым жағдайындағыдай Қазақстан тауарлардың параллель импорты мен кері экспортын дамыту мүмкіндігіне ие. Жаһандық ауқымда жылына 3-4 миллиард долларлық қайта сату көлемі шамалы болса да, ұлттық экономика үшін бұл айтарлықтай сома. Мұндай әлеуетті іске асыру тыйым салу шаралары арқылы араласпауды ғана емес, сонымен қатар қойма инфрақұрылымын белсенді дамытуды талап етеді
Жаңа жаһандық конфигурация жағдайында Қазақстанның өндірістік алаң ретіндегі тартымдылығын қандай құралдар күшейте алады деген сұраққа жауаптарды талдау сарапшылардың пікірі әртүрлі екенін көрсетті. Сауалнамаға қатысушылардың кейбірі қолайлы салық режимін құру және бизнес жүргізу шарттарын жеңілдету қажет дейді. Басқалары әкімшілік құзыреттілік пен бейтарап реттеудің маңыздылығын айтты. Жекелеген респонденттер әлеуетті еліміздің ресурстық артықшылықтарымен байланыстырады, мысалы, шикізат пен сирек жер металдарының болуымен. Сонымен қатар, біраз қатысушылар Қазақстанның жақын болашақта тартымды өндірістік орталық бола алатынына күмәнмен қарайды. Жауаптар жиынтықта негізгі үміттер болжамды, бәсекеге қабілетті институционалдық орта құрумен байланысты екенін көрсетеді, сонымен бірге мемлекеттің осы шарттарды жүйелі және бизнес мүддесі үшін жүзеге асыруға дайын екендігіне күмән барын анықтады.
«Қазақстанның жаңа жаһандық конфигурациядағы өндірістік алаң ретіндегі тартымдылығын арттыру үшін Үкімет салықтық және кедендік жеңілдіктері бар ерекше экономикалық аймақтардың тетіктерін белсенді пайдалануға, көлік және логистикалық инфрақұрылымды жедел дамытуға, сондай-ақ инвесторларды қорғау кепілдіктері мен ашық заңнама арқылы инвестициялық ахуалды жақсартуға тиіс. Білікті кадрларды қамтамасыз ете отырып, кәсіптік білім беруді дамыту қажет. Сонымен қатар, бизнесті қолдау үшін әкімшілік рәсімдерді жеңілдету және цифрлық платформаларды енгізу керек, бұл бәсекеге қабілеттілікті едәуір арттырады және жаңа шетелдік серіктестерді тартады»
Қазақстанның ЕАЭО, ШЫҰ, ИЫҰ және басқа да көпжақты платформалар деңгейіндегі әрекеті қандай болуы керек деген сұраққа жауаптарда стратегиялық тәсілдердің кең спектрі көрсетілген. Сауалнамаға қатысқандардың 25%-ы «қазіргі сыртқы саясаттың жалғасы» ретінде көрсетілген халықаралық құрылымдардағы ұстамды белсенділікті қамтитын ұсыныстар берді. Сонымен қатар, сарапшылардың 27,8%-ы Қазақстанның проактивті рөліне тоқталып, елдің халықаралық келіссөздерде анағұрлым белсенді позициялау қажеттігін атап өтті. Респонденттердің 19,4%-ы Қазақстанның фасилитациялық және үйлестіру рөлін қолдады.
«Трамптың протекционизмге бағытталған тарифтік саясатына байланысты көптеген өндірістік компаниялар Қытайдан тыс балама орындарды іздей бастады. Бұл Қазақстан сияқты елдер үшін өндірістерді орналастыруға қолайлы жағдайлар ұсынуға мүмкіндік береді. Алайда, осы мүмкіндікті пайдалану үшін ел өзінің тарифтік және салық саясатын инвесторларды тартуға бейімдеуі керек. Сондай-ақ, сыртқы экономикалық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету және шекарадағы кедергілерді азайту қажет. Қазақстан жаһандық сауда шиеленісі аясында өзін бейтарап және тұрақты серіктес ретінде көрсете алады»
ҚОРЫТЫНДЫ
Ұзақ мерзімді тәуекелдер мен мүмкіндіктер мәселесіне қатысты сарапшылар екі сценарийді белгіледі:
1) Пессимистік сценарий бойынша шикізат бағасы төмендейді, импортқа тәуелділік күшейеді және Қазақстанның сыртқы осалдығы артады деп болжанып отыр;
2) Оптимистік сценарий, керісінше, экспортты ырықтандырумен, белсенді сыртқы саясатпен, тауарларды қайта сатуды ұйымдастырумен, өңірлік кооперацияны нығайту мүмкіндігімен және қайта өңдеу мен агросекторды қоса алғанда, ішкі өндірістерді дамытумен байланысты.
Позитивті сценарийді іске асырудың негізгі факторы белсенді жүйелік ішкі саясат болып қалады. Қазақстанның ағымдағы сауда турбуленттілігіне дайындығының орташа бағасы 2,2 балды құрады. Сарапшылардың 30,6%-ы төмен бағалаған – 1 қойған, 33,3% – 2, 30,6% – 3, тек 5,6%-ы ғана 4 немесе 5 деп баға берген. Бұл елдің жаһандық экономиканы ауқымды қайта құруға дайын еместігін білдіреді.
Құрылымдық реформаларға қатысты көбінесе көлік инфрақұрылымын дамыту, валюта бағамын нақты мәнге келтіру, мемлекеттік басқару реформасы және жоспарлауға басымдық беру туралы айтылды