Италия Премьер-министрі Джорджа Мелонидің Қазақстанға ресми сапары және өңір елдерінің мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін «Орталық Азия – Италия» саммиті қарсаңында Astana Open Dialogue италиялық сараптамалық орталық — Istituto Italiano per l’Asia (ISIA) өкілдері Фабио Индэо мен Доменико Пальмиеридің мақаласын назарға ұсынады.
Мақалада Қазақстан мен Италия арасындағы энергетика, сауда және экономика салаларындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талданады.
Жарияланым авторлары — ISIA Бас хатшысы, геосаясат және халықаралық қатынастар саласындағы сарапшы Доменико Пальмиери және ISIA талдаушысы, геосаясат мамандығы бойынша PhD докторы, Сиена университетінің шақырылған зерттеушісі Фабио Индэо.
Мақалада Қазақстан мен Италия арасындағы өзара тиімді энергетикалық әріптестікке, сауда және инвестицияға негізделген стратегиялық қатынастар сипатталады. Мұнай-газ саласындағы және «жасыл» жобалар аясындағы ынтымақтастықтың негізгі қырлары көрсетілген. Тауар айналымының өсімі және екі ел арасындағы жаңа әріптестік бағыттары – соның ішінде стратегиялық маңызы бар минералдарды жеткізу мен инфрақұрылымдық бастамаларға қатысу мәселелері қарастырылады. Толығырақ мазмұн карусельде берілген.
Мақала aod.kz сайтында ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді.