Astana Open Dialogue Istituto Italiano per l 'Asia өкілдері Фабио Индэо мен Доменико Пальмиеридің мақаласын ұсынады.
ISIA – 20 жылдан астам уақыт бойы Азия, Таяу Шығыс және Жерорта теңізімен өзара іс-қимыл бойынша сараптамалық білім мен практикалық тәжірибе жинақтаған италиялық талдау орталығы. Институттың қызметі мәдени, экономикалық және дипломатиялық ынтымақтастықты дамытуға, зерттеу жобаларын қолдауға және Италия мен аталған аймақтардың елдері арасындағы өзара түсіністіктегі кедергілердн еңсеруге бағытталған.

Қазақстан мен Италия: ұзақ мерзімді тиімді ынтымақтастық
1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан мен Италия екіжақты қарым-қатынастарды дамыта бастады. Саясат пен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайтып, екі ел экономикаларын толықтыратын энергетикалық өлшем мен сауда мүмкіндіктеріне баса назар аударылды. Италия қазақстандық мұнай мен шикізатқа қызығушылық танытса, Қазақстан жақында қол жеткізген экономикалық және саяси тәуелсіздікті нығайтуға, құрлықта да, қайраңда да мұнай мен газдың орасан зор қорларын толық игеру үшін технологиялар, жабдықтар, инвестициялар мен ноу-хау алуға ұмтылды.
1992 жылы 1 қаңтарда Италия Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін құрылған басқа алты тәуелсіз елдермен бірге Қазақстан Республикасын да ресми түрде мойындады. Сегіз айдан кейін дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы екіжақты хаттамаға ресми түрде қол қойылды [1]
Рим мен Астана арасындағы қарым-қатынастардағы стратегиялық актив экономикалық тұрғыдан өзара тиімді энергетикалық әріптестік болды: Италиядан мұнай импорттау, Астанаға ұлттық энергетикалық ресурстарды толық игеруге бағытталған технологиялық қолдау көрсету. Бүгінгі таңда Қазақстаннан әкелінетін импорттың 90%-ы - шикі мұнай, бұл Италияға импортталатын мұнайдың жалпы көлемінің 15% құрайды. [2]
Энергетикалық ынтымақтастық 1991 жылы басталды. Италиялық ENI энергетикалық компаниясы жаңа тәуелсіз елдің перспективалы энергетикалық секторын дамыту үшін өзінің елеулі ноу-хауы мен тәжірибесін ұсынды, ал Қазақстан энергетика саласында Ресейдің рөлін төмендетуге, сондай-ақ жаңа серіктестермен ынтымақтастық орнатуға бағытталған көпвекторлы сыртқы саясат жүргізуге ұмтылды. Қазақстанның энергетикалық секторына италиялық инвестициялар магниттей тартылды: мұнай-газ секторында жұмыс істейтін және энергетикалық инфрақұрылымды құрумен айналысатын италиялық шағын және орта кәсіпорындардың басым бөлігі Қазақстанға инвестиция құйды: ENI-ден басқа, Saipem, Bonatti және Rosetti. Salini-Impregilo, Renco және Italcementi тобы инфрақұрылымдық және құрылыс салаларына инвестиция сала отырып, қазақстандық компаниялармен бірлескен кәсіпорындар құрды.
ENI компаниясы Қазақстанда біртіндеп стратегиялық маңызға ие болды. ENI компаниясы British Gas-пен бірге ірі Қарашығанақ мұнай және газ кен орнын игеру бойынша Karachaganak Petroleum Operating BV (KPO) халықаралық консорциумын акцияларының 29,25%-на ие, ал Chevron мен ресейлік Lukoil компанияларына сәйкесінше 18% және 13,50% тиесілі. KPO 2037 жылға дейін қолданылатын өнімді бөлу туралы келісім бойынша қызметін жүзеге асырады.
Бұдан басқа, ENI Қашаған ірі оффшорлық мұнай кен орнын игеру үшін Солтүстік Каспий теңізінің өнімдерін бөлу туралы келісім (NCSPSA) шеңберінде 16,81% жұмыс үлесіне ие. Консорциумдағы басқа серіктестер: ҚазМұнайГаз – Қазақстандық ұлттық энергетикалық компания – Total, Shell және ExxonMobil, олардың әрқайсысының үлесі 16,81%. 2013 жылы қытайлық CNPC компаниясы ConocoPhillips үлесінің 8,40% сатып алды, ал жапондық Inpex-тің үлесі - 7,56%. [3]

2000 жылдары табылған Қашаған мұнай кен орны - соңғы ондаған жылдардағы ең маңызды энергетикалық жаңалықтардың бірі. Кен орны өзінің техникалық және экологиялық күрделілігімен белгілі, сондай-ақ қорлар кен орындары терең, климаттық жағдайлары ауыр, Қазақстанның экспорттық амбицияларында ол шешуші рөл атқарады, өйткені оның болжамды қоры 13 миллиард баррель мұнайдан асады, ал әлеуеті 9 миллиард баррельді құрайды. [4]
Барлау мен өндіруден басқа, ENI компаниясының Қазақстаннан энергия ресурстарын экспорттауға арналған қолданыстағы үш құбырдың екеуінде үлесі бар: италиялық энергетикалық компанияның Әзербайжан, Қазақстан және Түрікменстан мұнайын ЕО нарығына жеткізетін Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбырындағы үлесі – 5%, сондай-ақ қазақстандық мұнайды Теңізден Қара теңіздегі Ресейдің Новороссийск портына тасымалдайтын Каспий құбыр консорциумында (CPC) 2% үлесі бар.
Жаңа энергетикалық басымдықтарды ескере отырып, Италия Қазақстанның 2060 жылға қарай Климаттық бейтараптыққа (ластаушы шығарындыларды жою) қол жеткізудің өршіл мақсатын қолдауда негізгі серіктес болмақ, италиялық компаниялардан ноу-хау, технологиялар мен инвестициялар ұсына отырып, әртараптандыру және энергетикалық ауысу процесіне ықпал етеді. ENI Қазақстанмен бірге Ақтөбе облысында Badamsha 1 және 2 жел электр станцияларын, Шәуілдерде (Түркістан облысы) Күн электр станциясын, сондай-ақ Маңғыстау облысында қуаты 250 мегаваттты құрайтын гибридті электр станциясы – газ өңдеу зауытын салу жобасын іске асыра отырып, жаңартылатын энергия көздерін дамытуда, ол үшін Қазмұнайгаз бен итальяндық ENI компаниясы түпкілікті инвестициялық шешімді бірлесіп бекітті. [5]
Badamsha 1 және 2, сәйкесінше, 2020 және 2022 жылдары пайдалануға берілді, әрқайсысының белгіленген қуаты 48 МВт, барлығы 96 МВт, бұл Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізу ниетіне ықпал етедi. [6]

Саяси және сауда қатынастарына келетін болсақ, жоғары деңгейде өткен көптеген ресми сапарлар мен кездесулер сенім мен диалогқа негізделген өзара серіктестіктің нығайғанын көрсетеді.
Бұрынғы президент Назарбаевтың 2009 жылы Римге жасаған сапары кезінде Италия мен Қазақстан екі республика арасындағы стратегиялық әріптестік туралы маңызды шартқа, сондай-ақ сауда және экономикалық ынтымақтастық саласындағы бірнеше үкіметаралық келісімдер мен меморандумдарға қол қойды.
Қазақстанның сауда министрі Арман Шакқалиевтің 2024 жылғы наурызда Римге жасаған сапары екі ел арасындағы табысты екіжақты ынтымақтастыққа жасалған тағы бір қадам болды, ол 2024 жылғы қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың біздің елге алғашқы ресми сапары барысында қол қойылған жаңартылған стратегиялық әріптестік шеңберінде күшейе түсті. Саммит барысында Италия мен Қазақстан алдағы жылдары тауар айналымын ағымдағы $14,5 миллиардтан $20 миллиардқа дейін ұлғайта отырып, екіжақты сауда ынтымақтастығын ұлғайту жөнінде келісті. [7]
Италияның экономика министрі Адольфо Урсомен кездесуден кейін екі тарап ынтымақтастық орнатылған салалармен (мұнай және газ, Made in Italy өнімдері) шектеліп қоймай, екі ел арасындағы экономикалық және сауда қатынастарын ілгерілету мен нығайтуға, сонымен қатар жаңа бағыттарды зерттеуге өзара мүдделі екендіктерін атап өтті: басымдықтардың бірі жасыл технологиялар, гибридті көлік құралдары, қорғаныс өнеркәсібі сияқты экономиканың стратегиялық салаларын дамыту үшін қажетті аса маңызды минералдарды (Қазақстанда бұл минералдардың қоры мол) жеткізу саласындағы кооперация болды.
Әртүрлі минералдық қорлардың ішінде Қазақстанда әлемдегі ең ірі хром қоры және марганец қоры бойынша үшінші ірі қор орналасқан, бұл стратегиялық минералды әлемдегі ең ірі автоөндірушілер (мысалы, Volkswagen және Tesla) электромобильдерге арналған аккумуляторлардағы кобальт пен никельді ауыстыру үшін жиі пайдаланады. Министрлердің пікірінше, бұл ынтымақтастық негізінен Қытайда өңделіп, экспортталатын тазартылған минералдарға тәуелді біздің континенттің стратегиялық автономиясын қамтамасыз ету үшін өте маңызды [8]
Осыған орай, қазақстандық сауда министрінің сапары Президент Тоқаевтың 2024 жылғы қаңтардағы инвестициялық дөңгелек үстелге қатысуының қисынды жалғасы болып табылады. Дөңгелек үстел барысында әртүрлі секторларда (жалпы құны 1,5 миллиард доллар), әсіресе жаңартылатын энергия көздері мен таза энергетика, сондай-ақ технологияларға инвестициялар тарту саласында 16 сауда келісімге қол қойылды. Сонымен қатар, Қазақстан президенті бұл минералдар жасыл технологияларды дамытудың негізгі компоненттері болып табылатынын ескере отырып, елдің Италия мен ЕО үшін аса маңызды минералдар мен сирек жер материалдарының маңызды жеткізушісі бола алатынын тағы да атап өтті.[9]
2020-2024 жылдар аралығында Италия қазақстандық экспорт жеткізілетін басты елдердің бірі болды: 2023 жылы Италияда Қазақстан импорты 18,9% (жалпы қазақстандық экспорт үлесінен) жеткен, ал 2024 жылы 24,2%-ға дейін айтарлықтай ұлғайды, нәтижесінде Италия қазақстандық экспортты импорттаушы елдер рейтингінде бірінші орынға шықты [10] Италия Қазақстаннан темір, қорғасын, болат, мырыш, қалайы сияқты шикізатты көп мөлшерде импорттайды (ISTAT-ICE).
Италиялық тауарларға деген қазақстандық сұраныс «Made in Italy» маркалы өнімдерге – италиялық сәнді бұйымдар, киім, аяқ киім, жиһаз сияқты сәнді заттар өндірісіне көбірек бағытталады, алайда, италиялық экспорттың негізгі үлесін энергетика және мұнай-химия секторларына қызмет көрсететін машиналар мен жабдықтар құрайды. [11]
Қорыта айтқанда, Қазақстан мен Италия сауда мен энергетикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ жаңа перспективаларды іздеуге бағытталған инклюзивті әріптестікті дамыта отырып, алдағы жылдары екі жақты қарым-қатынасты одан әрі нығайту үшін ортақ мүдделерге ие. Оның бірі байланыстырушы инфрақұрылым құруға қаржы инвестицияларын тартуға тиіс баламалы Шығыс-Батыс сауда бағытын дамытуды көздейтін Орта дәліз жобасындағы негізгі буын ретінде Қазақстанның рөлін ілгерілету жөніндегі бірлескен жұмыс болмақ. Тоқаев Италияда сөйлеген сөзінде италиялық компанияларды Қазақстанның Шығыс пен Батысты байланыстыратын сауда торабы ретіндегі позициясын күшейтетін осы стратегиялық инфрақұрылымдарды іске асыруға қатысуға шақырды.

Domenico Palmieri – геосаясат және халықаралық қатынастар жөніндегі маман. 2020 жылдан бері ISIA Бас хатшысы қызметін атқарып келеді және институт қызметін жандандыруға атсалысуда. Ғылыми зерттеу және халықаралық жобаларда және гранттар алуда ШОБ-ты қолдау саласында консультациялық жұмыс жүргізеді.
Fabio Indeo – ISIA аналитигі, Geopolitics бағыты бойынша PhD докторы және Сиена университетінің шақырылған қызметкері. Жетекші аналитикалық орталықтармен, оның ішінде The Hague Research Institute, ISPI, Rabdan Academy және т.б. ынтымақтастық орнатқан. Оның ғылыми зерттеуі энергетика, халықаралық қатынастар және Орталық Азиядағы, Кавказдағы, Таяу Шығыстағы, Қытайдағы және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы аймақтық байланыс мәселелерін қамтиды.