2024 жылғы 9 қазанда Астанада Еуропалық Одақтың ҚР-дағы өкілдігі атынан ЕО елшісінің орынбасары Мачея Адам Мадалинский және саяси ассистент Камила Есенова Astana Open Dialogue негізін қалаушылар Александр Даниловпен және Айбек Күмісбековпен кездесті.
Кездесуде Еуропалық Одақ институттарымен кооперация, сондай-ақ бірлескен іс-шаралар мен аналитикалық топтарға қатысу контекстінде Astana Open Dialogue көзқарасы таныстырылды. Astana Open Dialogue аналитикалық орталығының Еуропалық Одақтың ҚР өкілдігімен одан әрі кооперациясының болашағына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, тараптар сараптамалық зерттеулер жүргізу, ұйымдар арасында тәжірибе алмасу, ЕО сарапшыларының Astana Open Dialogue келесі отырыстарына қатысуы секілді бірқатар бағыт бойынша ынтымақтастық орнату мүмкіндігін талқылады.