Astana Open Dialogue жаңалықтары

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Қоғамдық палата мүшесі және Astana Open Dialogue тең құрылтайшысы Айбек Күмісбековпен кездесті

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Қоғамдық палата мүшесі және Astana Open Dialogue тең құрылтайшысы Айбек Күмісбековпен кездесті.

Әңгімелесу барысында тараптар өңірлік саясат пен моноқалаларды дамыту мәселелерін талқылады. Айбек Күмісбеков әлеуметтік тұрақтылықты нығайту үшін әлеуметтік диалог құралдары, қоғамдық форумдар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру арқылы қоғамның әртүрлі топтарының өзара қарым-қатынасына ерекше назар аударды.

Сонымен қатар, Айбек Күмісбеков республикалық бюджетті жоспарлау сапасын жақсарту бойынша өз пікірін білдірді. Комиссия құрамын Жоғары аудиторлық палата мүшелері мен Парламент депутаттарын қосу арқылы ұлғайту жөнінде бастама ұсынды.

Бұдан бөлек, заң шығару процесіне жасанды интеллектіні енгізу, адами капиталды дамыту және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру мәселелері қаралды.

Ерлан Қошанов пен Айбек Күмісбеков Мәжіліс депутаттары мен сарапшылар қоғамдастығы арасындағы Қоғамдық палата алаңындағы әрі заң жобаларын әзірлеу бойынша тұрақты жұмыс аясындағы ықпалдастықты дамыту жолдарын талқылады.