Astana Open Dialogue жаңалықтары

ҚСЗИ «Мәслихат депутаттарын сайлау-2023: ерекшеліктері мен үрдістері» ұжымдық монографиясының тұсаукесері

Astana Open Dialogue негізін қалаушы Айбек Күмісбеков Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) «Мәслихат депутаттарын сайлау-2023: ерекшеліктері мен үрдістері» ұжымдық монографиясының тұсаукесеріне қатысты.

Монографияда өткен мәслихат сайлауы туралы көп көлемдегі деректер жүйеленіп, талданған. Өз сөзінде Айбек Күмісбеков қыруар жұмыс атқарылғанын атап өтіп, ауыл әкімдерінің алғашқы сайлауын талдау барысында әртүрлі көздерден деректерді өз бетінше жинаған Марат Шибутовтың тәжірибесін еске алды.
«Мұндай аналитикалық жұмыс өте күрделі болып табылады. Зерттеушілер мен саясаттанушылар үшін мұндай ақпарат көзі өте маңызды. Оны саяси партиялардың өкілдері де зерттеп, өз жұмысында қолдануы керек деп ойлаймын. Авторлар ұжымына атқарылған жұмыс үшін, ақпаратты жинап, талдағаны үшін алғыс айтамын», – деді Күмісбеков.
Пікірталас шеңберінде Astana Open Dialogue елдік және өңірлік деңгейлерде өңірлік саясатты зерделеу мен талдауды басым бағыттардың бірі ретінде қарастыратыны атап өтілді.