Astana Open Dialogue жаңалықтары

Еуропалық әлеуметтік-экономикалық комитеттің (European Economic and Social committee, EESC) делегациясымен кездесу

Astana Open Dialogue негізін қалаушылар Александр Данилов пен Айбек Күмісбеков Еуропалық әлеуметтік-экономикалық комитеті (European Economic and Social committee, EESC) делегациясының мүшелері Маркус Пентинен, Томас Врублевский, Симо Тианен және Думитру Форнеамен кездесуге қатысты.

Кездесуде Astana open Dialogue бірінші сессиясының қорытындысы бойынша әзірленген Аналитикалық бюллетень таныстырылды. Талқылау барысында Александр Данилов пен Айбек Күмісбеков әртараптандыру және дамыту мақсатында азаматтық қоғамды, сондай-ақ бизнес-қауымдастықтар өкілдерін Қазақстан Республикасының Үкіметіне берілетін ұсынымдар тізіміне енгізу шараларын ұсынды. Тараптар қазақстандық және еуропалық Think Tank өкілдерінің әлеуметтік-экономикалық мәселелері мен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Еуропалық экономикалық және әлеуметтік комитет (ЕЭӘК) — 1957 жылы әртүрлі экономикалық және әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіру үшін құрылған Еуропалық Одақтың консультативтік органы. Комитет Еуропалық комиссияға, Еуропалық Парламентке және ЕО Кеңесіне жіберілетін экономикалық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі ұсыныстар береді. Ол ЕО-дағы шешім қабылдау процесіне әсер ететін азаматтық қоғамның, оның ішінде, жұмыс берушілердің, кәсіподақтардың және басқа ұйымдардың мүддесін қорғайды. ЕЭӘК Одақ саясатындағы халықтың барлық топтарының мүдделерін есепке алуды қамтамасыз ете отырып, азаматтық топтар мен ЕО институттары арасындағы диалогқа ықпал етеді.