Astana Open Dialogue жаңалықтары

Қазақстандағы ЕО өкілдері Астанадағы Astana Open Dialogue кеңсесіне барды

Astana Open Dialogue тәуелсіз аналитикалық платформасының II отырысына дайындық аясында Астанадағы AOD кеңсесінде Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігі басшысының орынбасары Мачей Мадалинскиймен кездесу өтті.

Кездесудің басты тақырыбы желтоқсан айының ортасында өтетін Astana Open Dialogue отырысын талқылау болды. AOD алдағы жобалары, атап айтқанда side-іс-шараларды ұйымдастыру шеңберінде өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігіне ерекше назар аударылды. Тараптар кең ауқымды аудиторияда қаралуға тиіс қазақстандық қоғамның қазіргі өзекті мәселелері мен проблемаларын, сондай-ақ халықаралық спикерлерді тарту мүмкіндігін талқылады. Сонымен қатар, Astana Open Dialogue негізін қалаушылар AOD қызметін дамытудың орта мерзімді жоспарын ұсынды.

www.aod.kz сайтында Astana Open Dialogue II отырысының бағдарламасы туралы толық ақпарат жарияланған және онда қарашаның екінші жартысында шараға қатысу үшін тіркелуіңізге болады.