Astana Open Dialogue жаңалықтары

Atlantic Council сарапшысы Киран Баезбен кездесу

Елордада Astana Open Dialogue тең құрылтайшысы Айбек Күмісбеков Atlantic Council өкілі Кир Баезбен кездесті. Кездесу барысында Astana Open Dialogue (AOD) бірінші сессиясының қорытындысы бойынша әзірленген Аналитикалық бюллетень таныстырылып, жинақтың негізгі мәселелері және ондағы ұсынымдарды іске асыру мүмкіндігі талқыланды.

Сонымен қатар, Қазақстанда талдау орталықтарын дамыту, Орталық Азия сарапшыларының ынтымақтастығы және ұйымдар арасында одан әрі тәжірибе алмасу перспективалары қаралды. Киран Баез AOD сараптамасын жоғары бағалап, алдағы уақытта өтетін сессияларға қатысуға ниет білдірді.