11 желтоқсанда The Ritz-Carlton, Astana қонақ үйінде Astana Open Dialogue аналитикалық платформасының екінші отырысы өтті.
Іс-шараға 20 спикер және 400-ден астам қонақ қатысты. Панельдік сессиялар Салық кодексі, Қазақстан экономикасының жаңа өсу нүктелері және қазіргі заманғы қазақстандық бірегейлік тақырыптарына арналды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Үкімет, бизнес өкілдері, қоғам қайраткерлері, оның ішінде Айдос Сарым, Асхат Аймағамбетов, Екатерина Смышляева, Айтуар Қошмамбетов, Дина Шәріпова, Айгүл Забирова, Максим Барышев, Айдархан Құсайынов, Данияр Қосназаров, Айбар Даутов, Қуаныш Жайықов, Әлім Хамитов, Яков Федоров және басқалары спикер болды.
Екінші отырыстың қорытындысы бойынша №2 Astana Open Dialogue Bulletin шығарылады, оған талқылау барысында айтылған ұсыныстар мен ұсынымдар негіз болады.