Astana Open Dialogue

«Таяу Шығыстағы қақтығыс және оның Қазақстанға әсері: тәуекелдер, салдарлар және стратегиялық жауаптар» аналитикалық шолу

Astana Open Dialogue жаңалықтары
Astana Open Dialogue «Таяу Шығыстағы қақтығыс және оның Қазақстанға ықпалы: тәуекелдер, салдарлар және стратегиялық жауаптар» сараптамалық сауалнама нәтижелерін ұсынады

Аналитикалық шолу Таяу Шығыстағы қазіргі қақтығысқа байланысты сыртқы саяси, экономикалық және ақпараттық тәуекелдерге қатысты өзекті күн тәртібін қамтиды. Құжат 2026 жылғы 4–16 мамыр аралығында 92 сарапшының қатысуымен жүргізілген жабық форматтағы сауалнама нәтижелеріне негізделген.

Есепте қақтығыстың халықаралық ахуалға және Қазақстанға ықпал етуіне берілген сараптамалық бағалар, ықтимал экономикалық, геосаяси, әлеуметтік және ақпараттық салдарлар, сондай-ақ дамудың ең ықтимал және ең тәуекелді сценарийлері жан-жақты қарастырылған. Сонымен қатар құжатта Қазақстанның стратегиялық басымдықтары айрықша атап өтіледі. Олардың қатарында теңгерімді және көпвекторлы сыртқы саясатты сақтау, экономикалық орнықтылықты нығайту, баламалы логистикалық бағыттарды дамыту, сондай-ақ ақпараттық кеңістіктің тұрақтылығы мен төзімділігін арттыру мәселелері қамтылған.
Сауалнама нәтижелерімен мына сілтеме арқылы таныса аласыз
https://aod.kz/kz/publications/tpost/034f9254r1-tayau-shiistai-atiis-zhne-oni-azastana-s