Ташкентте өткен талдау орталықтарының форумы стратегиялық диалогқа қадам ретінде
Еуропаның Орталық Азияға деген қызығушылығының артуы аясында Ташкентте Орталық Азия мен Еуропалық Одақтың талдау орталықтарының форумы өтті. Сарапшылар кездесуінің спикерлерінің бірі Astana Open Dialogue негізін қалаушы Александр Данилов болды. Шараны ұйымдастырушы –Орталық Азия Халықаралық институты. Оған аймақ және ЕО елдерінің жетекші сарапшылары, аналитиктері мен зерттеу ұйымдарының өкілдері қатысты.
Astana Open Dialogue шара қорытындысы бойынша ремаркалар жасады
Сарапшылармен өзара іс-қимыл форматы дәстүрлі дипломатиялық байланыстар аясынан шығып, өзекті күн тәртібін талқылауға, сондай-ақ Самарқандта өтетін Орталық Азия – Еуропалық Одақтың бірінші саммитіне нақты ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді. Ынтымақтастық негізгі мәселелеріне, оның ішінде, цифрландыру, логистика, энергетика және адами капиталды дамытуға баса назар аударылады.

Талқыланатын негізгі тақырыптар
Форум аясында шешімдері ЕО мен Орталық Азияның алдағы серіктестігіне тікелей байланысты мәселелер көтерілді:
• Цифрландыру және жасанды интеллект – аймақтық жобаларды еуропалық нарыққа шығару үшін IT-секторда ынтымақтастықты қалай тиімді құруға болады?
• Геологистика және инфрақұрылым – Орта дәліздің дамуын қалай жеделдетіп, логистикалық шығындарды азайтуға болады?
• Маңызды ресурстарға инвестиция салу – энергетика, сирек кездесетін пайдалы қазбаларды және сирек металлдар өндіру саласында стратегиялық серіктестікті қалай құруға болады?
• Адами капиталды және азаматтық қоғамды дамыту – білім беру және сараптамалық тәжірибе алмасуды кеңейту үшін қандай қадамдар жасау керек?
Бұл экономикалық және геосаяси сипаттағы мәселелер. Орталық Азия жаһандық сауда, көлік және технологиялар жүйесінде маңызды ойыншыға айналып келеді. Алайда, теориялық пікірталастардан нақты экономикалық жобаларға көшу үшін ынтымақтастықтың дамуына кедергі келтіретін тосқауылдарды жою қажет.

Орталық Азия: шикізат көзінен технологиялық серіктестікке дейін
Пікірталастың негізгі тезистерінің бірі Еуропа елдерінің Орталық Азияны басқаша қабылдай бастағаны болды. Тарихи тұрғыдан алғанда, аймақ ең алдымен шикізат көзі ретінде қарастырылды, бүгінде ол IT, қаржылық технологиялар, логистика және энергетика салаларында бәсекеге қабілетті шешімдерді ұсына алады.
Бұл әлеуетті іске асыру үшін бірқатар стратегиялық сұраққа жауап беру қажет:
• Орталық Азия еуропалық нарықтарда өзін қалай жайғастыруы керек?
Қазір аймақ негізінен жоғары технологиялық шешімдерді өндіруші ретінде емес, шикізат көзі ретінде қабылданады. Бұл көзқарасты өзгерту белсенді маркетингтік стратегияны, халықаралық көрмелерге қатысуды және Еуропалық бизнес қауымдастықтарымен тығыз ынтымақтастықты қажет етеді.
• Сауда кедергілерін қалай азайтуға болады?
Күрделі сертификаттау рәсімдері, қатаң қауіпсіздік стандарттары, жоғары логистикалық шығындар – осының бәрі экспортқа және инвестиция тартуға кедергі келтіреді. Бұл проблемаларды шешу Орталық Азия деңгейінде де, ЕО тарапынан да институционалдық өзгерістерді талап етеді.
• Еуропа Орталық Азияға қатысты өз стратегиясын қалай бейімдейді?
Еуропаның аймақтағы «жұмсақ күш» саясатын жаңарту қажет. Өзара іс-қимыл нәтижелі болуы үшін ЕО нарративтерінде жергілікті шынайылық ескерілуі керек, ал қолдау бағдарламалары Орталық Азия елдерінің мүдделеріне жақын болуыға тиіс.
•. Экономикалық интеграция процесін қалай жеделдетуге болады?
ЕО-дағы бюрократиялық кедергілер мен реттеу тетіктерінің күрделілігі перспективалық бастамаларға кедергі келтірмеуі керек. Сауда келісімдерін, бірлескен жобаларды қаржыландыру тетіктерін және логистикалық инфрақұрылымды жаңғыртуды келісуді жеделдету маңызды.

Прагматизм ынтымақтастықтың кілті ретінде
Орталық Азия мен ЕО арасындағы диалог жаңа деңгейге көтеріліп, Ташкенттегі кездесу екі жақтың да ынтымақтастық орнатуға қызығушылығы бар екенін көрсетті. Қазіргі уақытта ол әзірге практикалық емес, декларативті болып қалуда.
Аналитикалық орталықтар форумының форматы нақты ұсыныстар әзірлеуде өзінің тиімділігін көрсетті, енді бұл идеялардың Самарқанд саммиті аясында ескерілуі маңызды. Егер кездесуге қатысушылар талқылаудан нақты қадамдарға көше алса – мысалы, сауда кедергілерін жою туралы келісімдерге қол қою немесе жаңа бірлескен жобаларды іске қосу – бұл Орталық Азия мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастағы нақты серпіліс болады.
Ташкентте өткен форумның жоғары деңгейде ұйымдастыырлуы және мазмұнды пікірталастар Орталық Азияның Еуропаның серіктесі ғана емес, жаһандық экономикалық процестердің толыққанды қатысушысы болуға дайын екенін растады. Ендігі мәселе – ЕО жаңа шынайылыққа қаншалықты тез бейімделіп, тек құндылықтарға ғана емес, сонымен қатар прагматизмге негізделген стратегияны ұсына алады.