Астанада Франция елшілігінің өкілдері Мари Парет мен Тома Наджар Astana Open Dialogue-тің тең құрылтайшылары Александр Даниловпен және Айбек Күмісбековпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Astana Open Dialogue қызметі және Платформаның келесі отырысын өткізу жоспары таныстырылды, сондай-ақ аналитикалық қызметтердің ауқымын кеңейту бойынша жоспарлар ұсынылды.
Тараптар Еуропа мен Орталық Азия елдерінің, сондай-ақ аймақ ішіндегі сарапшылар арасындағы тікелей байланыстарды жолға қоюдың маңыздылығын жан-жақты талқылады. Әңгіме барысында шетелдік компанияларда Орталық Азия өңірі туралы толық әрі өзекті ақпараттың жеткіліксіз екендігі атап өтілді, бұл халықаралық жобаларды іске асыру мен аймаққа инвестиция тартуда белгісіздік туындатуы мүмкін.
Кездесуде Қазақстан мен Франция арасындағы екіжақты ынтымақтастық арналарын дамыту, соның ішінде Қазақстан нарығына қолжетімділік мәселелері де қозғалды.
Тараптар сондай-ақ Орта дәліздің даму перспективаларын, Қазақстанның өңірдегі логистикалық және қаржылық әлеуетін, сонымен қатар көлік және өзге де экономикалық байланыстарды нығайту қажеттілігін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша сарапшылар ынтымақтастығын дамыту жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді. Тараптар сындарлы диалогқа дайын екендіктерін білдіріп, тұрақты өзара іс-қимылды нығайтуға ортақ қызығушылық бар екенін атап өтті.