Astana Open Dialogue

«Орталық Азиядағы интеграцияның перспективалары мен кедергілері» аналитикалық шолу

Astana Open Dialogue жаңалықтары
Astana Open Dialogue аймақтық күн тәртібіндегі басты тақырыптардың бірі — Орталық Азиядағы интеграциялық үдерістерді тереңдетудің перспективалары мен бұл жолда кездесетін кедергілерге арналған жабық сараптамалық сауалнама нәтижелерін ұсынады.

Жабық сауалнама 2025 жылғы 9-16 маусым аралығында жүргізілді. Зерттеуге саясаттану, экономика, мемлекеттік басқару, халықаралық қатынастар, әлеуметтану, білім беру, медицина және инфрақұрылымдық даму салаларындағы 50-ден астам сарапшы қатысты.

Респонденттер қатарында ғылыми және талдау орталықтарының, мемлекеттік органдардың, университеттердің, қоғамдық қорлар мен жеке сектордың өкілдері бар. Атап айтқанда: Қоғамдық пікірді зерттеу орталығы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Парламенті Мәжілісі, «Respublica» партиясы, Surbana Jurong Group, Kazakhstan Market Research Group, Cronos.asia порталы, «Халықаралық әлеуметтану және саясаттану институты» ҚҚ және басқа да ұйымдар.

Сауалнама нәтижелерімен мына сілтеме арқылы таныса аласыз https://aod.kz/publications