Отырыстың тақырыбы: «Қазақстан e-gov-тан AI-gov-қа дейін: қалай серпіліс жасауға болады?»
Шара барысында ҚР министрлері мен Мәжіліс депутаттары, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жасанды интеллектті дамыту жөніндегі кеңес мүшелері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ технология мен инновациялар саласындағы отандық және жаһандық бизнес көшбасшылары сөз сөйлейді.
Талқыланатын негізгі мәселелер – мемлекеттік басқаруға жасанды интеллектті енгізу, оның әлеуметтік салаға ықпалы, сондай-ақ Қазақстанның e-Gov-тан AI-Gov-қа көшуі аясындағы еңбек тәуекелдері мен бейімделу стратегиялары.
Шара 1 қазанда The Ritz-Carlton, Astana қонақүйінде өтеді. Кіру үшін міндетті түрде тіркелу қажет