Astana Open Dialogue

1 қазанда Astana Open Dialogue III отырысы өтеді

Astana Open Dialogue жаңалықтары
Отырыстың тақырыбы: «Қазақстан e-gov-тан AI-gov-қа дейін: қалай серпіліс жасауға болады?»

Шара барысында ҚР министрлері мен Мәжіліс депутаттары, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жасанды интеллектті дамыту жөніндегі кеңес мүшелері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ технология мен инновациялар саласындағы отандық және жаһандық бизнес көшбасшылары сөз сөйлейді.

Талқыланатын негізгі мәселелер – мемлекеттік басқаруға жасанды интеллектті енгізу, оның әлеуметтік салаға ықпалы, сондай-ақ Қазақстанның e-Gov-тан AI-Gov-қа көшуі аясындағы еңбек тәуекелдері мен бейімделу стратегиялары.

Шара 1 қазанда The Ritz-Carlton, Astana қонақүйінде өтеді.
Кіру үшін міндетті түрде тіркелу қажет

III Отырысқа тіркелу

Орындар саны шектеулі, first come, first served қағидасы қолданылады.