Astana Open Dialogue

Швеция Елшісінің Astana Open Dialogue алаңына сапары

Astana Open Dialogue жаңалықтары
Astana Open Dialogue кеңсесінде Швецияның Қазақстандағы Елшісі Стефан Эрикссон және Елшілік өкілі, саясат және сауда мәселелері жөніндегі кеңесші Руслан Оразалиновпен кездесу өтті.

Кездесу жұмыс форматында өтіп, тараптар алдағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктері мен әлеуетін талқылады.

Келіссөздер барысында Astana Open Dialogue-тың қызметі таныстырылды, оның ішінде аналитикалық жұмыс, халықаралық бастамалар және сараптамалық өзара іс-қимыл форматтары ұсынылды. Тараптар мемлекет пен қоғам арасындағы сапалы диалогты дамыту, сондай-ақ тәуелсіз аналитикалық платформалардың сенімді нығайту және ашықтықты арттырудағы рөлін атап өтті.

Кездесуде швед-қазақ ынтымақтастығы мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Тараптар аналитикалық материалдар алмасуға, екі елдің сарапшылары арасындағы байланыстарды кеңейтуге және бірлескен зерттеу бастамаларын іске асыруға қызығушылық білдірді. Өз кезегінде швед тарапы Швеция бизнесінің Қазақстан нарығына деген өсіп келе жатқан қызығушылығын және ынтымақтастықты кеңейту үшін сараптамалық қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Сапар қорытындысы бойынша тараптар тұрақты диалогты жалғастыру және әріптестік форматтарын дамыту туралы уағдаласты.