Отырыс барысында Astana Open Dialogue және ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) ғылыми-аналитикалық өзара іс-қимылды дамытуға және сарапшылардың тәжірибе алмасуына бағытталған өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.
Құжатқа Astana Open Dialogue тең құрытайшысы Александр Данилов және ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Жандос Шаймарданов қол қойды.
Ынтымақтастық аясында бірлескен зерттеулер мен аналитикалық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ ғылыми-сараптамалық әлеуетті нығайтуға және мемлекеттік шешімдердің тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізу көзделген.
Меморандумға қол қою рәсімі 1 қазанда «E-gov-тен AI-gov-қа дейін: қалай серпіліс жасауға болады?» тақырыбында өткен ІІІ Astana Open Dialogue аналитикалық платформасының отырысы аясында өтті. Шараға 700-ден астам қонақ қатысты, оның ішінде мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар қауымдастығы мен халықаралық ұйымдардың өкілдері бар.