Astana Open Dialogue Қазақстандағы Оңтүстік Корея Республикасының Елшілігінің делегациясымен кездесу ұйымдастырып, аналитикалық қызметтің қазіргі бағыттары мен болашақ ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Жиынға Елші Чжо Тэ-ик, Елшінің орынбасары Син Кюхо, саяси бөлімнің жетекшісі Ким Иль Джунг және бас сарапшы Галия Нұркенова қатысты.
Astana Open Dialogue-тың серіктесушісі Айбек Қүмісбеков платформа қызметі туралы айтып, «Astana Open Dialogue Bulletin» сараптамалық ұсыныстар жинағының үшінші санын шығару жоспарымен бөлісті.
Елші Чжо Тэ-ик Орталық Азиядағы аймақтық интеграция процесінің маңыздылығын атап өтіп, Оңтүстік Кореяның өңірді тереңірек зерттеуге қызығушылық танытатынын жеткізді. Сонымен қатар, ол Оңтүстік Кореядағы зерттеу институттарының Орталық Азияның дамуын талдаумен айналысатынын айтты.
Кездесу барысында тараптар аналитикалық орталықтардың сараптамалық күн тәртібін қалыптастырудағы және шешім қабылдауға қолдау көрсету рөлін талқылады. Жиын соңында олар байланысты олан әрі жалғастыруға және аналитикалық саладағы ынтымақтастықтың әртүрлі форматтарын қарастыруға дайын екендерін білдірді.