Astana Open Dialogue

Astana Open Dialogue Израиль Мемлекеті Елшілігінің делегациясымен кездесу өткізді

Astana Open Dialogue жаңалықтары
Astana Open Dialogue Израиль Мемлекетінің Қазақстан және Қырғыз Республикаларындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Йоав Бистрицкий бастаған делегациясын қабылдады.

Кездесу барысында қонақтар Astana Open Dialogue-тің аналитикалық және сараптамалық қызметімен жан-жақты танысты. Делегация назарына Astana Open Dialogue Bulletin басылымының талдамалық материалдары мен жүргізілген сараптамалық сауалнамалардың нәтижелері ұсынылды. Израиль Елшілігінің өкілдері мұндай кешенді сараптамалық жұмыс Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерді терең әрі жан-жақты түсінуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Әңгіме барысында Елші Йоав Бистрицкий Қазақстанның Авраам келісімдеріне қосылу туралы шешімінің тарихи маңызына айрықша тоқталды. Оның айтуынша, бұл қадам аймақтық қауіпсіздік пен ынтымақтастыққа ықпал ете алатын маңызды оқиға саналады. Сондықтан аталған процестің Қазақстан мен бүкіл Орталық Азия өңіріне ұзақмерзімді әсерін бағалауға бағытталған сапалы талдаудың өзектілігі жоғары.

Тараптар сараптамалық бағыттағы екіжақты серіктестікті дамыту мәселелері бойынша пікір алмасып, өзара ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендерін білдірді. Кездесу қорытындысында тараптар байланыстарды жалғастыру, ақпарат алмасуды күшейту және бірлескен сараптамалық бастамаларды дамыту жөнінде келісімге келді.