Astana Open Dialogue ұйымының тең құрылтайшысы Марат Шибутов дайындаған «Қазақстан шенеуніктердің көзімен» атты жинақ Қазақстан экономикасының негізгі салалары мен мемлекеттік басқару жүйесінің жай-күйіне арналған талдамалық шолу болып табылады.
Жинаққа мемлекеттік жоспарлау жүйесіне кіретін ресми құжаттардан алынған үзінділер енгізілген. Олар мемлекеттік органдардың елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға берген бағасын көрсетеді.
Басылымның негізін 2021–2025 жылдары бекітілген 22 тұжырымдама мен кешенді жоспардағы «Ағымдағы жағдайды талдау» бөлімдері құрайды. Бұл құжаттар отын-энергетика кешені, табиғатты пайдалану, қаржы саласы, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым және өңірлік даму, кәсіпкерлік, еңбек нарығы мен халық табыстары сияқты кең ауқымды бағыттарды қамтиды.
Жинақ орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының мамандары дайындаған талдамалық материалдарға сүйене отырып, ел экономикасының қазіргі жағдайы мен оның дамуындағы негізгі үрдістер туралы тұтас түсінік алуға мүмкіндік береді.