Тәуелсіз сараптамалық алаң — Astana Open Dialogue Astana Open Dialogue Bulletin-нің үшінші аналитикалық шығарылымын ұсынады. Жасанды интеллекттің қарқынды дамуы мен Қазақстанның мемлекеттік басқарудың жаңа буыны саналатын AI-Gov моделіне көшуге дайындығына арналған бұл құжат 2025 жылғы 1 қазанда Астанада өткен Astana Open Dialogue отырысының қорытындылары негізінде әзірленген. Баяндамада жаһандық тәжірибе, Қазақстандағы цифрлық трансформация үдерісінің қазіргі ахуалына кешенді талдау және жасанды интеллектті дамытуға бағытталған стратегиялық ұсынымдар тоғыстырылған.
Жасанды интеллект дамуының жаһандық кеңістігіндегі Қазақстан
Бірінші бөлімде жасанды интеллекттің әлемдік даму архитектоникасы зерделенеді. Еуропа, АҚШ және Қытайдың реттеу мен енгізу тәжірибелері салыстырмалы түрде талданып, цифрлық егемендік, деректер инфрақұрылымының стратегиялық рөлі, технологиялық сенім мен қауіпсіздік мәселелері кеңінен қарастырылады. Сонымен қатар электрондық үкіметтен AI-Gov моделіне өтудің тұжырымдамалық негіздері мен Қазақстанның ұлттық деңгейдегі бастамаларына ерекше мән беріледі.
Адам капиталы және интеллектуалды технологиялар дәуіріндегі әлеуметтік қайта құрулар
Екінші бөлімде жасанды интеллекттің білім беру жүйесіне, еңбек нарығына және қоғамдық құрылымдарға ықпалы терең сараланады. Жаңа буын мамандарын даярлау, цифрлық құзыреттерді қалыптастыру, білім беру моделін жаңғырту және еңбек қатынастарының трансформациясы негізгі назарда. Сонымен бірге автоматтандыру үдерісінің жаңа кәсіптерді қалыптастыруы, цифрлық теңсіздік тәуекелдері және әлеуметтік инклюзия мәселелері жан-жақты талданады.
Қазақстанның жасанды интеллектті енгізуге институционалдық және технологиялық дайындығы
Үшінші бөлім елдің жасанды интеллектті кең ауқымда енгізуге дайындығын бағалауға арналады. Мұнда деректер инфрақұрылымының даму деңгейі, институционалдық жетілу, кадрлық әлеует және қоғамның технологияларға деген сенім индикаторлары кешенді түрде қарастырылады. Сондай-ақ ашық деректер саясатын кеңейту, зерттеу экожүйесін күшейту, цифрлық егемендікті нығайту және мемлекет, бизнес пен академиялық қауымдастық арасындағы синергияны арттыруға бағытталған ұсыныстар ұсынылады.
Баяндама цифрлық трансформация, мемлекеттік басқару, білім беру және технологиялық саясат салаларындағы қазақстандық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен әзірленген.
Astana Open Dialogue Bulletin №3 https://aod.kz/kz/publications сайтында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.