Astana Open Dialogue

Astana Open Dialogue Ұйымдық даму жөніндегі директорды таныстырады

Astana Open Dialogue жаңалықтары
Astana Open Dialogue командасының жаңа мүшесі — Камиля Тілеубаева, ұйымдық даму жөніндегі директор.

Камиля Қанатқызы Тілеубаева - дінтану саласындағы PhD кандидаты, лицензия алған сот сарапшысы, аналитик және ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Аналитика мектебінің түлегі. Ол сараптамалық және академиялық қызметтін белсенді қоғамдық жұмыстармен табысты ұштастырып келеді. Қазіргі уақытта ҚР Омбудсмені жанындағы «Еркіндік рухы» Жастар құқығы жөніндегі комиссияның хатшысы. Оның ғылыми қызығушылықтары құқық, дін және цифрландыру мәселелерін, сондай-ақ онлайн-ортадағы діни дискурсты құқықтық реттеуді қамтиды.

Astana Open Dialogue қызметі аясында Камиля Тілеубаева сарапшылармен өзара іс-қимыл, бағдарламаларды дамыту және аналитикалық алаңдарды ұйымдастыру бағыттарына жетекшілік ететін болады.