Марат Шибутов ұзақ жылдар бойы Қазақстанның қоғамдық-саяси және сараптамалық-талдамалық күн тәртібін дамытуға елеулі үлес қосып келеді. Оның кәсіби қызметі талдамалық материалдар әзірлеумен, сараптамалық диалогты дамытуға және мемлекеттілікті нығайтуға, қоғамдық тұрақтылық пен елдің орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларды ілгерілетуге тығыз байланысты.
Белсенді азаматтық ұстанымы, қоғамдық-саяси үдерістерді терең меңгеруі және жүйелі сараптамалық қызметінің арқасында Марат Шибутов кәсіби ортада жоғары беделге ие.
Astana Open Dialogue ұжымы Марат Шибутовты лайықты мемлекеттік марапатымен құттықтап, оның жетістіктерін мақтан тұтады. Біз оның ұйымымыздың дамуына, сарапшылар қауымдастығының нығаюына және Қазақстанның ілгерілеуіне ықпал ететін маңызды қоғамдық бастамаларды жүзеге асыруға қосқан сүбелі үлесін жоғары бағалаймыз.