Екі жыл ішінде Astana Open Dialogue сараптамалық талдау, ашық пікір алмасу және халықаралық өзара іс-қимылды тоғыстырған Қазақстандағы беделді сарапшылық алаңдардың бірі ретінде өз мәртебесін нығайтты.
Осы кезеңде Astana Open Dialogue-тың 3 отырысы өткізіліп, оған 1500-ден астам қатысушы мен 35 спикер жиналды. Пікірталастарға Премьер-Министрдің орынбасары, министрлер, ҚР Парламентінің депутаттары, шет мемлекеттердің елшілері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, ҚР Президенті жанындағы Жасанды интеллектті дамыту жөніндегі кеңестің мүшелері, жетекші ғалымдар, жоғары оқу орындарының ректорлары, сарапшылар мен талдау қауымдастығының өкілдері қатысты.
AOD қызметінің негізгі бағыттарының бірі сараптамалық сауалнамалар болды. Екі жыл ішінде Қазақстан мен өңір үшін стратегиялық маңызы бар мәселелер бойынша 350-ден астам сараптамалық баға жиналды. Олардың қатарында Таяу Шығыстағы қақтығыс және оның Қазақстанға ықпалы, цифрлық мемлекет құру, Орталық Азиядағы интеграциялық үдерістер, сондай-ақ тарифтік соғыстардың жаһандық экономикаға әсері секілді өзекті тақырыптар бар.
Сараптамалық-талдамалық бағыт та AOD жұмысының маңызды бөлігіне айналды. Astana Open Dialogue Bulletin жинағының 3 шығарылымы әзірленіп, онда 8 талдау бағыты бойынша 100-ден астам ұсыным қамтылды. Сонымен қатар Қазақстанның Еуропалық одақпен, Италиямен, Орталық Азия елдерімен және өзге де серіктестермен халықаралық ынтымақтастығына ерекше назар аударылды.
Екі жыл ішінде дипломатиялық миссиялармен, халықаралық ұйымдармен және шетелдік сараптамалық құрылымдармен тұрақты әріптестік байланыс қалыптастырылды. Бұл Astana Open Dialogue-тың тек пікірталас алаңы ғана емес, сонымен қатар ауқымды халықаралық сарапшылық диалогтың маңызды бөлігіне айналуына мүмкіндік берді.
AOD-тың екі жылдағы қызметі туралы толығырақ ақпаратты төменде көре аласыздар.
САРАПТАМАЛЫҚ САУАЛНАМАЛАР
Соңғы екі жыл ішінде Astana Open Dialogue алаңында ұлттық және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге арналған бірқатар сараптамалық сауалнамалар жүргізілді.
Сауалнама тақырыптары:
1. Таяу Шығыстағы қақтығыстың өршуі және оның Қазақстанға ықпалы (2026 жылғы маусым) 2. Қазақстанның жасанды интеллект пен цифрлық трансформацияға көшуге әзірлігі (2025 жылғы желтоқсан) 3. Орталық Азиядағы интеграциялық үдерістер: мүмкіндіктер мен кедергілер (2025 жылғы тамыз) 4. Трамп әкімшілігінің тарифтік саясаты: жаһандық экономика мен Қазақстанға ықпалы (2025 жылғы мамыр)
САРАПШЫЛЫҚ БАҒАЛАУ
Astana Open Dialogue сауалнамасы аясында 350-ден астам сараптамалық бағалау жиналды. Әрбір зерттеу жетекші сарапшылардың, талдаушылардың және практик мамандардың кешенді пікірін біріктіреді. Сауалнамалар нәтижесінде тек қорытындылар ғана емес, сонымен қатар саясат пен тәжірибеге енгізуге болатын нақты ұсынымдар қалыптастырылады.
Astana Open Dialogue Bulletin
Соңғы екі жылда әзірленген:
3 іргелі аналитикалық баяндама
100-ден астам ұсыныс
8 стратегиялық талдау бағыты
AOD сараптамалық ойды жүйеленген аналитикаға айналдырып, оны нақты шешімдер мен қолданбалы ұсыныстар деңгейіне шығаратын платформа ретінде дамып келеді.
АНАЛИТИКАЛЫҚ ЖАРИЯЛАНЫМДАР
Astana Open Dialogue алаңында Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығы мен геосаяси бағдарларына арналған бірқатар аналитикалық материалдар жарық көрді.
Олардың ішінде:
«Еуропалық Одақ пен Қазақстан: берік әрі орнықты серіктестік үлгісі»
«Қазақстан мен Италия: ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік»
«Еуропалық Одақ пен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі ұсынымдар»
САРАПШЫЛАР ДИАЛОГЫ
Соңғы екі жыл ішінде:
Astana Open Dialogue-тің 3 жоғары деңгейлі отырысы өтті
1500-ден астам қатысушы
35 беделді спикер
Талқылаулар Қазақстан дамуының стратегиялық бағыттарын қамтыды: салық саясаты, экономикалық өсім нүктелері, лоббизм және саяси консалтинг, креативті индустриялар мен медиа, ұлттық бірегейлік, жасанды интеллект және цифрлық мемлекет.
ҚАТЫСУШЫЛАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНТЕКСТ
Astana Open Dialogue пікірталастарына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, министрлер, Парламент депутаттары, шетел мемлекеттерінің елшілері, халықаралық ұйым өкілдері, Президент жанындағы ЖИ дамыту жөніндегі кеңес мүшелері, жетекші ғалымдар мен жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты.
Жоба халықаралық сараптамалық диалогты тұрақты түрде дамытып келеді. Ұлыбритания, Грузия, Корея Республикасы, Швеция, Израиль және Франция дипломатиялық миссияларымен, сондай-ақ Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігімен және өзге де халықаралық серіктестермен жүйелі ынтымақтастық орнатылған.