Astana Open Dialogue алаңында Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің өкілдерімен кездесу өтті. Оған саяси мәселелер жөніндегі мамандар Зарина Мәлік пен Медғат Олжаев, сондай-ақ Political Officer Самуэль Фонтела қатысты. Astana Open Dialogue тарапынан тең құрылтайшы Айбек Күмісбеков, ұйымдастырушылық даму жөніндегі директор Камиля Тілеубаева және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі үйлестіруші Айгерім Смағұлова болды.
Кездесу барысында Қазақстандағы қазіргі қоғамдық-саяси үдерістер талқыланып, негізгі даму бағыттары бойынша пікір алмасу өтті. Сондай-ақ сараптамалық және талдамалық ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырылды. Бірлескен іс-шаралар мен зерттеулер өткізу әлеуетіне ерекше назар аударылды.
Astana Open Dialogue халықаралық серіктестермен диалог орнатуды жалғастырып, сараптамалық әлеуетті біріктіруге және өзекті мәселелерді мазмұнды талқылауға арналған алаңдар қалыптастыруға бағытталған жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді.