Astana Open Dialogue алаңында Ұлыбританияның Royal United Services Institute (RUSI) зерттеу орталығы делегациясымен және Ұлыбритания Елшілігінің өкілімен ресми кездесу өтті.
RUSI — халықаралық қауіпсіздік пен қорғаныс саясаты саласындағы ең көне әрі ықпалды сараптамалық орталықтардың бірі, жаһандық қауіпсіздік архитектурасына қатысты зерттеулерімен кеңінен танымал.
Кездесуге RUSI зерттеулер жөніндегі директоры Розалинд Робертс, оқыту бағытының жетекшісі әрі Таяу Шығыс бойынша ғылыми қызметкер Урбан Каннингем, оқыту тобының өкілі және ауыр әрі ұйымдасқан қылмыс мәселелері жөніндегі зерттеуші Аластэр Григ, сондай-ақ Ұлыбритания Елшілігінің саяси бөлімінің басшысы Сэмюэл Миллс қатысты.
Келелі әңгіме барысында өңірлік қауіпсіздік, киберқауіпсіздік және цифрлық ортаның орнықтылығын қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар Еуразия кеңістігіндегі трансконтиненталдық көлік-логистикалық байланыстарды дамыту әлеуетіне назар аударылды. Тараптар жаңа технологиялар мен жасанды интеллекттің мемлекеттік басқару жүйесіне ықпалы, сондай-ақ олардың қоғамдық тұрақтылыққа әсері жөнінде пікір алмасты.
Кездесу қорытындысында тараптар сараптамалық диалогты жүйелі түрде жалғастыруға, өзара тәжірибе және талдамалық бағалармен алмасуға, сондай-ақ бірлескен зерттеу жобаларын жүзеге асыру жөнінде өзара келісті.