1 қазан күні Astana Open Dialogue аналитикалық платформасының үшінші отырысы өтті. Шараға цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы жетекші сарапшылар, салалық министрлер, Мәжіліс депутаттары, халықаралық ұйымдардың басшылары мен бірқатар дипломатиялық миссиялардың өкілдері қатысты.
Үшінші отырыс аясында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою рәсімі өтті. Astana Open Dialogue алаңында Цифрлық үкіметті қолдау орталығы (ЦҮҚО) мен Coventry University Kazakhstan арасында жасанды интеллектіні дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Құжатқа Coventry University Kazakhstan президенті Мирас Дәуленов пен Цифрлық үкіметті қолдау орталығының бас директоры Бахтияр Мұхаметқалиев қол қойды. Келісім білім мен халықаралық тәжірибе алмасуды, бірлескен зерттеулер мен сараптамалық пікірталастар өткізуді, Қазақстанда AI бағдарламаларын әзірлеу және енгізуді қолдауды, сондай-ақ академиялық ынтымақтастықты дамытуды көздейді.
Қол қойылған меморандум білім беру және мемлекеттік институттар арасындағы әріптестікті нығайтудың маңызды қадамы болып, ғылымды, технологияны және басқаруды біріктіретін жасанды интеллект дәуіріндегі экожүйені қалыптастыруға негіз қалады.