Astana Open Dialogue кеңсесінде Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания Елшілігінің делегациясын қабылдады. Делегация құрамында Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Салли Аксуорси және Елшіліктің саяси бөлімінің басшысы Самуэл Миллс болды.
Сапар аясында Елші Astana Open Dialogue сараптамалық платформасының қызметімен, оның негізгі зерттеу бағыттарымен және халықаралық жобаларымен танысты. Платформаның сарапшылық жұмысына ерекше назар аударылды. Елші өз кезегінде өзекті мәселелер бойынша диалогты нығайтуда сараптамалық пікірталастардың маңызын атап өтті.
Кездесу барысында кешенді талдамалық көзқарасты қалыптастыру үшін сарапшылар қауымдастығымен тығыз өзара іс-қимылдың маңыздылығы, сондай-ақ мемлекеттік институттар, талдау орталықтары мен халықаралық серіктестер арасындағы ашық әрі сындарлы диалогты дамыту қажеттігі ерекше аталды.
Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, бірлескен бастамаларды қалыптастыруға және ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара қызығушылық білдірді.