Astana Open Dialogue кеңсесінде ISIA Бас хатшысы Доменико Палмиеримен кездесу өтті. Кездесуге Astana Open Dialogue ұйымының тең құрылтайшысы Айбек Күмісбеков, ұйымдық даму жөніндегі директоры Камиля Тлеубаева және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі үйлестірушісі Айгерім Смағұлова қатысты.
Кездесу барысында Доменико Палмиери Айгерім Смағұловаға Italy–Asia Research Award марапатын табыстап, байқаудағы жеңісімен тағы да құттықтады. Марапат Италия мен Азия елдері арасындағы ынтымақтастықтың перспективаларына арналған зерттеу жұмысы үшін берілді.
Доменико Палмиери Astana Open Dialogue қызметімен, оның негізгі жұмыс бағыттарымен және жүзеге асырылып жатқан аналитикалық жобаларымен танысты. Кездесу барысында Astana Open Dialogue ұйымының аналитикалық материалдар жинағы, сондай-ақ платформаның өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша жүргізген сараптамалық сауалнамаларының нәтижелері таныстырылды.
Сарапшылардың өзара іс-қимылын дамыту мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Тараптар одан әрі ынтымақтастық орнату, сараптамалық тәжірибе алмасу және бірлескен аналитикалық бастамаларды жүзеге асыру перспективаларын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сараптамалық диалогты жалғастырып, ынтымақтастықты одан әрі дамытуға уағдаласты.