Astana Open Dialogue

Astana Open Dialogue платформасына бір жыл болды

Astana Open Dialogue жаңалықтары
Astana Open Dialogue қызметін 2024 жылғы 7 маусымда өткен бірінші отырыстан бастады. Осы уақыт ішінде платформа өзін перспективалы, серпінді дамып келе жатқан аналитикалық институт ретінде танытты. Ол халықаралық және қазақстандық сарапшылар қауымдастығымен тұрақты ынтымақтастық орнатып келеді.

Платформа бір жыл ішінде Қазақстанның экономикалық және салық саясатына, лоббизмге, экономиканың даму перспективаларына, сонымен қатар бірегейліктің өзекті нарративтері мен медиа нарық жағдайына арналған 2 Astana Open Dialogue Bulletin аналитикалық жинағын шығарды.

Шетелдік зерттеу ұйымдарымен серіктестік өте сәтті жүзеге асып жатыр. Аналитикалық материалдар мен жабық құжаттарды дайындау мен жариялау бойынша әріптестік байланыстар нығаюда.

Сондай-ақ, қызметтің жаңа бағыты – жабық сараптамалық сауалнамалар іске қосылды, сауалнамалардың нәтижелері тұрақты түрде жарияланып отырады. Платформаға қазақстандық және халықаралық коммерциялық құрылымдар тарапынан консультация алу бойынша сұраныс жоғары, бұл аймақтық нарыққа деген қызығушылықтың артқанын көрсетеді.

Astana Open Dialogue – өз қызметінен қаржыландырылатын толықтай тәуелсіз құрылым. Мұндай ерекшелік қазіргі нарықта сирек кездеседі және бұл бізге ашық әрекет етуге және Қазақстан мен бүкіл аймақтың дамуына серпін беруге жол ашады. Біз ашық диалог пен бірлескен жұмыс, өркендеу жолындағы әріптестік – аймақтың тұрақты дамуының кілті деп санаймыз.

Astana Open Dialogue-тің дамуына қолдау білдіріп, үлес қосқан барлық қатысушыларға, спикерлерге және серіктестерге алғысымызды білдіреміз. Алда бізді жаңа пікірталастар, зерттеулер, Қазақстан мен Орталық Азияның орнықты болашағына бағытталған ортақ шешімдер күтіп тұр.

Astana Open Dialogue қызметінің сандармен өрнектелген нәтижелері төменде көрсетілген