Astana Open Dialogue кеңсесінде ресейлік саясаттанушы Андрей Выползовпен кездесу өтті. Ол публицист әрі Калининград қаласындағы «Еуразиялық кеңістікте қолданбалы геосаяси зерттеулерді дамыту орталығы «Стан» автономды коммерциялық емес ұйымының бас директоры болып табылады.
Кездесуге Astana Open Dialogue тарапынан тең құрылтайшы Айбек Күмісбеков, ұйымдық даму жөніндегі директор Камиля Тілеубаева және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі үйлестіруші Айгерім Смағұлова қатысты.
Әңгіме барысында Айбек Күмісбеков платформаның негізгі қызмет бағыттарын таныстырды. Атап айтқанда, талдамалық материалдар әзірлеу, сараптамалық сауалнамалар жүргізу және халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар сондай-ақ сарапшылық өзара іс-қимылдың әлеуеті мен талдамалық ақпарат алмасу мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықты жалғастыру және кәсіби байланыстарды дамыту жөнінде келісімге қол жеткізілді.