Астанада «Қазақстан Е-gov-тан AI-gov-қа дейін: қалай серпіліс жасауға болады?» тақырыбында Astana Open Dialogue III отырысы өтті
Қазақстанның елордасында электрондық үкіметтен жаңа кезең AI-gov форматына көшу тақырыбына арналған Astana Open Dialogue халықаралық форумы өтті. Шараға 700-ден астам адам жиналды, оның ішінде, мемлекеттік органдардың, аналитикалық орталықтардың, бизнес пен халықаралық сарапшылар қауымдастығының өкілдері бар.
Форум жасанды интеллектіні мемлекеттік басқару жүйесіне енгізу арқылы ашылатын жаңа мүмкіндіктер мен сын-тегеуріндер талқыланған басты алаңға айналды. Сондай-ақ ол Қазақстанның жаһандық цифрлық трансформациядағы стратегиялық рөлін айқындады.
Президент Тоқаевтың бастамаларын халықаралық мойындау
Sinovation Ventures және 01.ai компанияларының бас директоры Кай-Фу Ли Қазақстан жаңа деңгейдегі технологияларды енгізуге дайын екенін атап өтіп, ұлттық ЖИ стратегиясының маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, ел батыл әрі өршіл мақсаттар қоя біледі және бұл – цифрлық дәуірдегі көшбасшылықтың кепілі:
«AI-агенттердің мүмкіндігіне назар аударсақ, суперцифрлық қызметкерлердің пайда болғанын көреміз. Олар чат-бот сияқты тек сұрақтарға жауап бермейді, бұрын-соңды шешілмеген мәселелерді де шеше алады. Әрине, қауіпсіздік мәселелері де бар. Бірақ Қазақстан бұл сын-қатерді қабылдауға және жылдам ілгерілеуге дайын екеніне қуаныштымын».
«Ұлттық жасанды интеллект стратегиясы болуы керек. Менің ойымша, Қазақстанда ол жақсы. Бірақ мұндай стратегиялардағы ең маңыздысы өлшенетін әрі батыл мақсаттар қою»..
Khalifa University профессоры (Абу-Даби), 6G Research Center негізін қалаушы, Chief AI Scientist TII Меруан Дебба Қазақстанның өнімділікті арттыру және инновацияларды дамыту үшін ЖИ-ді қолданудағы ерекше мүмкіндіктеріне тоқталды.
Оның айтуынша, Қазақстан сияқты елдер жаңа технологиялардың арқасында сепіліс жасап, цифрлық шешімдер саласындағы әлемдік көшбасшылар деңгейіне көтерілуге қабілетті:
«Силикон алқабына қарасақ, ең табысты стартаптар – ірі компаниялар емес, керісінше, аз ғана қызметкері бар шағын компаниялар. Олар жаңа құралдарды тиімді пайдаланып, өнімді бола біледі. Бұл Қазақстан сияқты елдерге миллиардтаған халқы бар мемлекеттермен бір деңгейде болуға мүмкіндік береді, әйтпесе бұл ешқашан болмас еді. Бүгінде сіздерде осы құралдарды дұрыс қолданып, өнімділікті арттыру арқылы алға шығудың бірегей мүмкіндігі бар, өйткені оларды тиімді пайдаланған кезде агенттердің саны шектелмейді».
ITU кеңесшісі және БҰҰ-ның AI for Good бастамасының жетекшісі Эбтесам Әл-Мазруи Президент Тоқаев пен ел Үкіметінің ЖИ саласында мықты іргетас қалағанын атап өтті:
«Сіздердің Президенттеріңіз және Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект министрі ірі тілдік модельдер бағытында үлкен жұмыс атқарды. Ертең бұл технологияны өздеріңіз сынап көре аласыздар. Министр атап өткендей, Қазақстан азаматтары оны бірлесе жасап, дамытуға қатыса алады. Бұл өз кезегінде қазақстандық қоғамға сай этикалық нормаларды қалыптастыруға мүмкіндік береді».
Ол сондай-ақ инфрақұрылым және реттеу саласындағы жетістіктерге тоқталып, Қазақстанда қысқа уақыт ішінде жасанды интеллектті дамыту үшін тұтас экожүйе құрғанын атап өтті. Бұл қазіргі заманғы H2 100 есептеу кластерін іске қосу туралы ғана емес, сонымен қатар алғаш рет Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңесті, ұлттық AI платформасын және ЖИ туралы заң жобасын құру туралы. Оның айтуынша, адами капиталды дамытуға – жаңа технологияларды қолдана алатын және цифрлық ортада әділдікті, теңдік пен ашықтықты қамтамасыз ете алатын мамандарды даярлауға баса назар аударылады:
«Сіздерде H2 100 есептеу кластері бар. Президенттеріңіз бүгін таңертең алғашқы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Сіздерде ЖИ бойынша ұлттық платформа бар, жасанды интеллект туралы заң жобасы әзірленді. Бұл технологияны түсіну үшін адами капиталға инвестиция саласыздар. Осының арқасында оны қолдану нәтижелерін түсіндіре аласыздар және АТ-да әділеттілік пен теңдікті қалай қамтамасыз ету керектігін білесіздер».
БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа елдің ЖИ саласындағы жаһандық күн тәртібіне сенімді қосылғанын айтты. Оның пікірінше, Қазақстан білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттік басқару салаларында ЖИ-ді тиімді енгізуге қабілетті, бірақ бұл процесте қоғамдағы баршаға тең мүмкіндік беру маңызды:
«Қазақстан жақсы позицияға ие және бүгінгі күн тәртібіне енгізілген. Бірақ бірлесе отырып, ешкімнің шетте қалмауын қамтамасыз етуіміз керек – Қазақстан өңірлерінде де, әлемнің ең аз дамыған елдерінде де, сондай-ақ жаһандық әлем ірі корпорациялардың мүддесімен жүріп жатқан жағдайда шағын және орта бизнес арасында да».
Stanford Graduate School of Education-ның бұрынғы техникалық директоры әрі деканының орынбасары Пол Ким Қазақстанның білім беру бастамаларын дамытуда тарихи кезеңде тұрғанын атап өтті. Ол AI SANA сияқты жобалар білім беру жүйесін түбегейлі өзгертіп, студенттерді тек дайын білімді қабылдаушы емес, жаңа технологияларды жасаушы әрі зерттеуші деңгейіне көтеретінін айтты:
«Қазақстан дәл қазір тарихи сәтте тұр деп ойлаймын. AI SANA жобасы қазірдің өзінде де, болашақта да зор ықпал етеді. Мен осы бағдарламаға қатысатыныма қуаныштымын. Бұл бағдарлама тәжірибеге негізделген тәсілдерді қалыптастырып, студенттерге материалды есте сақтап, оны айтып беріп қана қоймай, оларды өздігінен дамитын, зерттеуші әрі жаңашыл тұлға етуге көмектеседі».
Осылайша, Astana Open Dialogue тәуелсіз аналитикалық платформасының III отырысында халықаралық сарапшылар Қазақстанның толық цифрландыруға ұмтылысын құптап, ел таңдаған жасанды интеллектіні дамыту бағыты әлемдік үрдістерге сай екенін және елдің болашақтағы өсуіне кең мүмкіндіктер ашатынын растады.