Astana Open Dialogue тәуелсіз аналитикалық платформасының тең құрылтайшысы Айбек Күмісбеков 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Құрылтайы депутаттарының сайлауында Respublica партиясының партиялық тізіміне енді. Астанада өткен партияның V кезектен тыс съезінде делегаттар тиісті шешім қабылдады.
Алдағы сайлау науқаны Қазақстан тарихындағы маңызды саяси оқиға болмақ. Конституциялық реформадан кейін алғаш рет қазақстандықтар екі палаталы Парламенттің орнына келетін жаңа бір палаталы заң шығарушы орган – Құрылтай депутаттарын сайлайды.
Astana Open Dialogue үшін платформа тең құрылтайшыларының бірінің партиялық тізімге енуі ұйым дамуының маңызды кезеңі саналады. Құрылған күннен бастап платформа өзін тек сарапшылық пікірталас алаңы ретінде ғана емес, мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша нақты шешімдер әзірлейтін тетік ретінде де танытып келеді. Бірнеше жыл ішінде Astana Open Dialogue мемлекеттік органдардың, Парламенттің, бизнес, дипломатиялық корпустың, академиялық ортаның және азаматтық қоғам өкілдерінің басын қосып, отырыстар қорытындысы бойынша дайындалған сараптамалық материалдар мемлекеттік органдарға жолданып, заңнамалық бастамаларды талқылау барысында бірнеше рет пайдаланылды.
Айбек Күмісбековтің мемлекеттік басқару, бизнес және сарапшылық қызмет салаларында көпжылдық тәжірибесі бар.
Мемлекеттік секторда ол мемлекеттік қызметте және ұлттық компанияларда басшылық қызметтер атқарды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатаның мүшесі болып, бірқатар маңызды заң жобаларын, соның ішінде жаңа Салық кодексін сараптамалық сүйемелдеуге қатысты. Сонымен қатар «Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КЕАҚ директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры және Respublica партиясы төрағасының орынбасары – партияның Орталық аппараты басшысының штаттан тыс кеңесшісі болып табылады.
Корпоративтік секторда Айбек Күмісбеков корпоративтік клиенттерге, сондай-ақ республикалық және жергілікті мемлекеттік органдарға саяси және басқарушылық консалтинг қызметтерін көрсететін B2C Consulting Group компаниялар тобының директоры.
Сарапшылық ортада ол Қазақстанның өзекті даму мәселелерін талқылау үшін депутаттарды, атқарушы билік өкілдерін, дипломаттарды, бизнес қауымдастықты, сарапшылар мен журналистерді біріктірген тәуелсіз Astana Open Dialogue платформасының тең құрылтайшысы ретінде танымал.
Astana Open Dialogue өкілдерінің айтуынша, платформа тең құрылтайшыларының бірінің парламенттік сайлау науқанына қатысуы ұйымның тәуелсіз мәртебесіне әсер етпейді.
Платформа бұрынғы форматта жұмысын жалғастырып, ашық пікірталас өткізу, аналитикалық баяндамалар әзірлеу, Astana Open Dialogue Bulletin шығару, сондай-ақ сарапшылар қауымдастығымен, халықаралық сарапшылармен және дипломатиялық корпуспен ынтымақтастықты сақтайды.
Өзінің кандидат ретінде ұсынылуына қатысты пікір білдірген Айбек Күмісбеков мұны сараптамалық тәжірибені нақты іске асырудың мүмкіндігі ретінде бағалайтынын айтты.
«Партиялық тізімге енгізілу – партияластарымның маған білдірген үлкен сенімі. Мен үшін Құрылтай сайлауына қатысу – Astana Open Dialogue аясында жинақталған тәжірибе мен ұсыныстарды нақты заң шығару қызметінде жүзеге асыру мүмкіндігі», – деді Айбек Күмісбеков.
Astana Open Dialogue – Қазақстан мен Орталық Азияның дамуына ашық диалог, сараптамалық талдау және мемлекет, бизнес, азаматтық қоғам мен халықаралық серіктестер арасындағы үздік тәжірибелер алмасу арқылы үлес қосуды мақсат ететін тәуелсіз сараптамалық және диалог алаңы.