Astana Open Dialogue

Astana Open Dialogue және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Astana Open Dialogue жаңалықтары
1 қазан күні Astana Open Dialogue аналитикалық платформасы мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумға қол қою рәсіміне ЕҰУ Басқарма төрағасы - ректоры Ерлан Сыдықов пен Astana Open Dialogue компаниясының тең құрылтайшысы Айбек Күмісбеков қатысты.

Келісімнің мақсаты – цифрландыру және жасанды интеллект салаларында академиялық әріптестікті дамыту, білім және тәжірибе алмасуды күшейту, сондай-ақ ғылыми-зерттеу бастамаларын қолдау.

Тараптар бірлескен білім беру және сараптамалық жобаларды іске асыру, жас мамандарды даярлау, сондай-ақ зерттеу мәдениетін дамыту мен озық тәжірибе алмасуға бағытталған іс-шараларды өткізу бойынша күш біріктіруге уағдаласты.

Келісімге қол қою рәсімі Қазақстанның цифрландыру мен жасанды интеллектке көшу тақырыбына арналған ІІІ Astana Open Dialogue отырысы барысында өтті.

Меморандумға қол қою академиялық қауымдастық пен сарапшылар ортасы арасындағы серіктестік байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болды. Astana Open Dialogue жетекші ғылыми және білім беру орталықтарымен ынтымақтастықты кеңейтіп, идеялар алмасуға және бірлескен бастамаларды ілгерілетуге арналған ашық алаң құруды жалғастыруда.