Жарияланымдар
Баяндамалар

Astana Open Dialogue Bulletin №2

Осы сараптамалық ұсынымдар жинағында 2024 жылғы желтоқсанда өткен AOD екінші отырысы шеңберінде талқыланған мәселелер бойынша талдау мен ұсынымдар ұсынылады.
Баяндаманың бірінші бөлімі Қазақстанның жаңа Салық кодексінің жобасына арналған. Салық жүктемесінің аспектілері, салықты басқару тәсілдері және басқа құрылымдық мәселелер қарастырылды.

Екінші бөлімде Қазақстанның экономикалық өсу мүмкіндіктерін бағалау, оның ішінде өсудің жаңа нүктелері және экономикалық дамудың ұзақ мерзімді стратегиясын қалыптастыру бойынша ұсыныстар берілген. Экономиканы әртараптандыру, юниорлық компанияларды ынталандыру, экспорттық саясатты реформалау және адами капиталды қолдау бойынша практикалық шаралар жазылған.

Үшінші бөлімде жаһандану және цифрландыру жағдайында қазіргі қазақстандық бірегейлік қалай қалыптасатынына талдау жасалды. Этникалық және азаматтық бірегейліктің тепе-теңдігі, мемлекеттің рөлі, әлеуметтік желілердің әсері және жалпы сана-сезімнің негізі ретінде әлеуметтік әділеттіліктің маңыздылығы талқыланады.

БАЯНДАМАНЫ ОҚУ